"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық 14 жастағы қаршадай қыз армрестлингтен әлем чемпионатын дүр сілкіндірді

06.11.2022
Қазақстандық 14 жастағы қаршадай қыз армрестлингтен әлем чемпионатын дүр сілкіндірді
419
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстандық 14 жасар оқушы Жасмин Оразкенова Антальяда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» порталына сілтеме жасап.

Әлем чемпионы атанған қаршадай қыз «бұл — жаттықтырушымның еңбегі мен ата-анамның қолдауының арқасы», -дейді.

Жасмин Оразкенова – 40 келідегі салмақ арасында армреслинг бойынша әлем чемпионы.

Туған өлкесінің де, замандастарының да үлкен мақтанышы. Қаршадай ғана қызға қарап, бойындағы күш-қайратына таң қаласың. Тіпті өзі шамалас ер балаларға дес бермейді.

Чемпиоант алдында Жасминмен жиі әрі үздіксіз дайындалдық,- дейді жаттықтуршысы Ерназар Тоқтаров.

Өйткені доданың оңай болмасын білген. Жеңістің жеңіл тимесін түсінген.

“Осы әлем чемпионатына дайындық өте жоғары болды,біз оқу жаттығу жиынын өткіздік, екі айдай оның алдында  негізі дайындықты тастаған жоқпыз, әрдайым осы жазғы демалыста да дайындықты үзген жоқпыз”, – дейді жаттықтырушы Ерназар Тоқтаров.

Төккен тер ақталды деген осы. 54 мемлекеттен қатысқан 1500-ден астам спортшының арасында Жасминнің бағы жанды. Қолының күшіне төтеп берер ешкім болмады.

“Әлем чемпионатынан жеңімпаз атану оңай болмады. Өте ауыр өтті. Бірақ енді бәрі артта қалды. Ары қарай да жаттығуға қатысатын боламын. Әзірге сабағыма ден қоймақшымын”, – дейді қол күресінен әлем чемпионы Жасмин Оразкенова.

Анасы болса, қызы дәл осы спорт түрінен жетістікке жетеді деп ойламапты. Бірақ барлық ынта-жігерін салып жүрген соң, бетінен қақпаған.

“Біз осы спортпен айналыса бастағанда жол ортада қалар, шаршайтын болар деп ойлаған едік. Бастапқыда би, домбыра, фортепиано үйірмелеріне барып жүрген еді. Бірақ мінеки аяқ асты қол күресіне бет бұрып кетті. Тіпті жауын-шашын, ыстық суық демей, жалықпай  аптасына алты күн барып жаттығатын”, – дейді анасы Гүлнәр Күбенбаева.

Енді Жасмин босатқан сабақтарын қуып жетуге жанталасуда. Өйткені білекті бірді,білімді мыңды жығатынын жақсы  біледі. Мұнымен қоса жан-жақты қыз бос уақытында тәтті-дәмді ас пысырып, әйел баласына тән әдептерін де ұмытпауға тырысады. Ал болашақта медицина саласының қызметкері болсам деген үлкен арманы бар.

Мақалада: Қазақстандық 14 жастағы қаршадай қыз армрестлингтен әлем чемпионатын дүр сілкіндірді

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС