"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

11.11.2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алты жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар құрған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры бірнеше жылдан бері Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен бүкіл ел бойынша «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Оның аясында еліміздің 19 қаласында дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған бейімделген спорт секциялары ашылды. Жоба аясында Семей қаласы да қамтылып, шаһарымыздағы Экономикалық лицей қабырғасында бочча (паралимпиадалық спорт түрі) үйірмесі мен «Жарқын болашақ» балалар орталығының базасында бейімделген футбол және инклюзивті хореография бойынша тегін спорт үйірмелері жұмысын бастады.

Апта сәрсенбісінде Абай облысының әкімдігі мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген спорт секциялары ашылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова инклюзивті қоғамның дамуына үлес қосып жатқан бұл жобаның маңыздылығы зор екенін айтады. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекованың айтуынша,  «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асқан бұл жоба, ерекше балалардың физикалық және психологиялық ауытқуларына қарамастан, дене шынықтырумен қатар, бейімделген спортпен де айналысуға мүмкіндік береді.

— Ерекше балалар үшін қозғалыс белсенділі мен қоғаммен араласу өте маңызды. Біз спорттың ерекше балалар өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналғанын және олардың өмір сапасын жақсы жаққа өзгерткенін қалаймыз. Жоба аясында бірнеше спорт үйірмелерін ұйымдастырдық, бочча спортының паралимпиадалық түрін біз әр түрлі нозологиялық топтағы балаларға бейімдедік. Бұл спорт түрімен арбада отырған балалар да, ақыл-ой кемістігі бар балалар да айналыса алады, тіпті тірек-қимыл аппараты ауыр зақымданған балалар мен жастар да шұғылдана алады. Үйірмелерге, бос орын болып жатса, кез келген ниет білдірген бала қатыса алады, диагноз бойынша балаларды бөлмейміз, — дейді Нұргүл Ұлжекова.

Аталған спорт секцияларының тағы бір ерекшелігі — онда ерекше балалар дені сау балалармен бірге бір топта айналысатын болады.  Осындай мүмкіндіктер Үржар ауданының жас тұрғындарына да жасалып отыр. Бочча үйірмесі аталған аудандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында ашылды.

— Біз сондай-ақ Үржарда арбадағы жігітпен бочча жаттықтырушысы болып жұмыс істеуге келісім жасадық. Жоба аясында біз, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға тырысамыз. Әрине, біз инклюзивті қоғам идеясын қолдаймыз, үйірмелерімізге дені сау балаларды да шақырамыз, өйткені біздің балаларымыз бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек. Бочча сияқты спорт түрлерінде командада ойнау үшін дені сау балалар мен ерекше балаларды бірдей жағдайда отырғызуға болады, — дейді Нұргүл Ұлжекова.

Жалпы, үйірмелерде жаттығулар аптасына екі рет өтеді, әр топ 10 баладан тұрады. Жыл бойғы жаттығулар балаларға физикалық және психикалық денсаулықтарын жақсартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әлеуметтік оқшаулануды жеңуге мүмкіндік береді.

Айта кетелік, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоры барлық жаттықтырушыларды оқытып, олардың еңбекақысын төлейді, бейімделген дене шынықтыру бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізіп, секцияларды барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жоба аясында ерекше балалары бар көптеген ата-аналарды жұмысқа орналастыру да қарастырылған, олар үйлестіруші, спорт үйірмелері бойынша жаттықтырушы ретінде жұмыс істей алады.

Қазақстандағы мүгедек балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамыту саласына зор үлесін қосып келе жатқан Нұргүл Ұлжекова өзі де церебралды сал ауруы бар баланы тәрбиелеуде. Қор басшысы бұл жобаны бастауға өзінің ерекше баласын бірде-бір спорт үйірмесіне жаздыра алмауы түрткі болғанын айтады. Дертке шалдыққан балаларды қалыпты өмірге бейімдеу мақсатында ашылған инклюзивті бағыттағы спорт секциялары  2016 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Жобаның жоспарлары ауқымды, жоба бастамашылары облыс бойынша ашылған орталықтарда бір жыл ішінде 50 ерекше баланы қамтып, ата-аналардың қызығушылықтары мен сұраныстарына қарай қатысушылар санын ұлғайтуды жоспарлауда. Ең бастысы – бейімделген спортты әр ерекше балаға қолжетімді ету.

Сондай-ақ «ерекше» жоба аясында Абай облысының балалары алғаш рет спорттық жарыстар мен би байқауларына қатыса алады, үздік деп танылғандар 2023 жылдың маусым айында Астанада өтетін «ChildrenParalympicGames» инклюзивті спорт фестивалінде өз облысының намысын қорғайды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

5 часов бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

6 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

8 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

8 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

8 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

8 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС