"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өлген адамның «қалған ғұмырын перзенттеріне берсін» деп айтуға болмайды

21.10.2022
Өлген адамның «қалған ғұмырын перзенттеріне берсін» деп айтуға болмайды
70k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көңіл айту — азалы адамды жұбатуға арналған салт. Бірақ салттан аттамаймыз деп, бұзып алып жатқан тұстарымыз да бар. Көңіл айтуды білмейтін жастар да жоқ емес. Бүгінгі мақаламызда қайғырып отырған жанға қалай көңіл айту керектігін, нені айтып, нені айтпау керектігін жазатын боламыз.

Сыныптасым Олжастың ағасының қайтқанына да қырық күндей болып қалыпты. Қайтыс болған кезде бәріміз қалада оқуда болдық та, Олжасқа көңіл айта алмадық. Біздер ауылда жиналамыз деп жүргенде ол қалаға кетіп қалыпты. Енді ағасының қырық күндік асына барамыз деп ұйымдасып жүрдік.

Көрші тұратын сыныптасым Әсел де төркіндеп келген екен. Оны да ерте шығайын деп үйіне барып, мән-жайды айттым. Ол бесіктегі баласын әжесіне табыстап «қарай тұрыңыз, мен сыныптастарымнан қалмай, Олжастың үйіне кіріп Құран оқып шығайық» дегені сол еді, әжесі ашуға булығып: «жап-жас болып көңіл айтқаны несі? Өлімге жастар көп барып жүргендіктен жастардың өлімі көбейіп кетті. Азалы үйге үлкендер барады. Үйдің үлкендері барып, көңіл айтып, құран оқып қайтты ғой. Жараның аузын тырнап, есіне сала бергендерің жақсы ма?», — деп ұрсып тастады.

Әжесінің тәйт дегеніне қарамай, Әсел асыға басып, жаныма келді. Ыңғайсызданып тұрсам да қатарласып жүріп барамыз. Бірақ әженің айтқандары ойымнан шықпай-ақ қойды.

Қойшы, сонымен біріне қоңырау шалып, біріне ысқырып жүріп әрең жиналып, азалы үйге де кірдік. Қыздар басқа бөлмеге, ұлдар басқа бөлмеге бөліндік. Бізді танып жатқан жан жоқ. Олардың ешқайсысы ауылдың әйелдері емес, туған-туыс, құда-жекжат болуы керек. Біраз уақыт отырған соң ауыз бөлмеде отырған анасымен көрісіп, жанына отырдық. Қайғырып, жылап отыр. Баласының айтқан сөздерін, атқарған істерін, армандарын айтып… ана жүрегі қарс айырылып отыр. Шетте отырған келіншегі де жылай-жылай қалжырап қалғаны көрініп тұр. Бірден аузымызға сөз түсе қойсашы. Не деп жұбатарымызды білмей дал болдық. Қайғырмаңыз, жыламаңыз дегенімізбен қайғырмай қоймайды, жылауын тоқтатпайды. Олай айтсақ жұбату емес, мазақ еткендей боламыз ба? Өз ойыммен өзім арпалысып отырғанда Әсел: «Әпке, ағаның иманы саламат болсын. Артының қайырын берсін. Жас кетті. Амал нешік. Аллаға керек екен. Алла жанына жақсы пенделерін алады дейді ғой. Көп езіле бермеңіз. Мықты болыңыз. Жеңгейге де оңай емес. Қалған ғұмырын балаларына берсін» деп тоқтамай сөйлей жөнелді. Біз де «Иманды болсын», «Алланың шапағатына бөленсін» деп күбірлеп қойдық.

Ал анасы басын изеп, жасын сүртіп «әумин, әумин» деп отырды. Төрде отырған егде жастағы әже құран оқыды. Сосын келгенімізге рахмет айтты.

Бір кезде Олжастың кіші жеңгесі келіп, төргі бөлмедегі дастарқанға шақырды. Дәм ауыз тиіңдер сауап болады деп үлкендер де қолқа салды. Үшеуміз бір-біріміздің соңымыздан тізіліп, төргі бөлмеге кірдік. Бұл дастарқанның басында да үлкен апа-әпкелер отыр екен. Біреуі біздің жүріс-тұрысымызды бақылап отырған болу керек. Ә дегеннен-ақ біздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді сұрақтай бастады. Бұған да тақылдап Әсел жауап берді.

Бір кезде әжей әңгімесін бастады.

«Мұндай азалы жерге бірінші рет келіп тұрсыңдар-ау деймін. Жас болған соң білмейсіңдер. Бұл сендердің кемшіліктерің емес. Ол біздің, яғни, үлкендердің қателігі. Үйдің үлкендері балаларына жас деп қарамау керек. Қай жерге қалай баруды, кімге қалай сөйлеуді, барған жерге не айтуды үйрету керек. Азалы үйге барғанда қандай сөздерді айтып жұбату керектігін, қуанышқа барғанда қандай сөздермен тілек айту керектігін ұқтыруымыз керек. Жаңа сендер есіктен кірген бойда тіп-тіке басқа бөлмеге кірдіңдер. Негізінде азалы үйге барған соң әйелдер отырған бөлмеге кіріп, отырғандардың бәрін құшақтап, арқасынан қағып, қолын қысып көрісу керек. Сосын Құран бағышталады. Құраннан соң қайтқан кісі туралы жақсы сөздер айтып, жақындарын жұбату керек. Міне сонан соң барып, үлкендердің айтуымен дастарқан жайылған бөлмеге келесіңдер. Тағы үлкен кемшіліктерің — не айту керектігін білмейсіңдер!», — деп Әселге қарады

«Қызым, жаңағы сөзіңді енді қайтып айтушы болма. Өлген адамның өмірі қалған жоқ. Ол өз өмірін таусылғанша сүріп кетті. Талқаны таусылған соң о дүниеге аттанды. «Қалған ғұмырын перзенттеріне берсін» деген сөз өте ауыр әрі қате. Оның орнына «Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ», «Ат тұяғын тай басар», «Арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін», «Алла сіздерге сабыр берсін», «Өмірден өткен жан иманды болсын, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын», «Амал дәптері оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын» деген сөздермен жұбату айтыңдар. Тіпті, жұбату сөз өмірден қайтқан қарияларға, орта жастағыларға, нәрестелерге бөлек-бөлек айтылады. Сауаттарың бар ғой. Оқып алыңдар. Ертең бір әулеттің келіні боласыңдар. Білгендерің өздеріңе жақсы. Айту біздің парызымыз», — деді әжей

Өзіміз қысылып әрең отырғанда бұл апаның сөзі жығылғанға жұдырық болды. Дәм ауыз тидік те, сыртқа шықтық. Жол бойы Әселдің әжесінің айтқандарын, Олжастың үйіндегі апаның айтқандарын санаммен саралап келдім. Шынында да аузымыздан шығатын сөздерге өте абай болайық. Қай жерде қалай сөйлеу керектігін біле жүрейік. Сіз де, қадірлі оқырман, біздің қателігімізді қайталаудан сақ болыңыз.

sn.kz

Мақалада: Өлген адамның «қалған ғұмырын перзенттеріне берсін» деп айтуға болмайды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

3 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

5 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

5 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

5 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

6 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС