"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАР ҚҰРЫЛДЫ

22.11.2022
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАР ҚҰРЫЛДЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 18 қараша күні Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс, Х сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов, депутаттар және басқарма басшылары қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Сессия отырысында Абай облысының, қаланың, ауданның Құрметті азаматы атағын беру туралы  ережені бекіту, Абай облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың, жер комиссиясының және нашақорлықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штабтың құрамын бекіту, жегілікті атқарушы және өкілді орган қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету, Абай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Абай облысы аумағындағы жасыл желекті күтіп ұстау, қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандыру, Абай облысы елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларын бекіту, Абай облысы мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесін, Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені, Абай облысы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы сұрақтар қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы бес сұрақ бойынша Абай облысының әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев сөз алып, шешім жобасын депутаттарға ұсынды.

Абай облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенова мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне енгізілетін өзгерістер туралы баяндап, шешім жобасы депутаттардың дауысына салынды.

— Республикалық бюджет есебінен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға 13,4 млн теңге; ішкі істер органдарының қосымша штат санын ұстауға және материалдық-техникалық базасын жақсартуға 52 млн 258 мың теңге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында нормативтік оқу жүктемесінің төмендеуіне байланысты 752 млн 800 мың теңге, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микронесие беруге 1 млрд теңге көлемінде қаршы бөлінеді,- деді Р.Құдайбергенова.

Абай облысы аумағындағы жасыл желекті күтіп ұстау, қалалары мен елді мекендері аумағын абаттандыру туралы ережемен ТҮКШ басқармасы басшысы Жандос Қайырханов таныстырдаы.

— Жасыл екпелерді күтіп-ұстау қағидаларында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібі, жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттарды жүргізу тәртібі жазылған, оларды қорғау шаралары қарастырылған. Сонымен қатар өңірдің елді мекендерін көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Ағаштарды отырғызу тәртібі жазылған. Абаттандыру қағидалары Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды. Оның ішінде Абай облысының қалалары мен аудандарында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, қалдықтарды жинау және шығару, көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстау, іргелес аумақты абаттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бар. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, — деді Жандос Қайырханов.

Абай облысы елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидалары туралы ережемен Абай облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуат Жүнісов таныстырды.

Халық қалаулылары сессияда қаралған барлық шешім жобаларын бір ауыздан қолдады.

Сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары Айнаш Әменова және Айбек Нұғымаров Абай ауданы Құндызды ауылындағы Шәкір Әбенов атындағы орта мектептің ауласын қоршау  және асханасын жөндеу туралы ұсыныс айты.

— Мектепке алғаш келген адамның мектеп ауласына қарап ойы қалыптасатыны анық. Ауылдарды аралау барысында мектеп аулаларын абаттандыруға қаржы бөлінбейтінін байқадық. Шәкір Әбенов атындағы орта мектеп 1987 жылы бой көтерген. Білім ордасында 40 педагог 212 оқушыға білім беруде. Мекте алды даярлық тобында 22 оқушы, шағын орталықта 52 бала тәрбиеленіп отыр. 2013 жылдан бастап облыстық бюджеттен мектептің терезесін, спорт залының төбесін, акт залының шатырын ауыстыруға, ішкі жөндеуге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілген. Мектеп ауласының жалпы аумағы 505 метрді құрап отыр. Ауланы қоршауға 17 млн 831 мың теңге қажет екен. Әдемі келбеттен бұрын, ең алдымен, оқушылардың қауіпсіздігі үшін қоршау жасалуы қажет деп санаймын,- деген Айнаш Әменова мектептің асханасы да ағымдағы жөндеуді қажет ететінін жеткізіп, облыстық бюджттен 5 млн теңге қаражат керек екенін жеткізді. «Мектеп бюджеттік өтінімді дайындап, облыстық білім басқармасына жолдайтын болады. Жалпы сомасы облыстық бюджттен 22 млн. теңге қаражат бөлуді ұсынып отырмыз,- деді Айнаш Әменова. Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді.

Сессия соңында әкім орынбасары облыстық мәслихат депутаты Мамырбек Қаралиевке «Шапағат» медалін табыстады.

 

Мақалада: ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАР ҚҰРЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС