"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Салтанатты жиын ауыл шаруашылығы қызыметкерлеріне арналды

06.12.2022
Салтанатты жиын ауыл шаруашылығы қызыметкерлеріне арналды
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні Қалалық Мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің төл  мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Бұл мереке өңіріміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосып жүрген жерде еңбек ететін, мал өсіретін, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін жандардың басын қосты. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасарлары Руслан Базарбаев, Данияр Шәкәрімов, Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Сержан Азбергенов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандары, еңбек ардагерлері, шаруа қожалықтар мен кәсіпорындар басшылары, Шәкәрім университеті ветеринария және агроменеджмент факультеті студенттері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ел экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты.

Жиынды Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Сүлейменов құттықтау сөзбен ашып, осы жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталды.

— Қазіргі уақытта қала шаруашылықтары қыстамаға кірді. Биыл 122 мың тонна мал азығы дайындалды. Барлық шаруашылықтар, жеке тұрғындар қысқа қажетті мал азығы қорын жинап алды. Сондықтан қыстан қысылмай шығамыз деген ойдамыз. Мал басы көбейіп келеді, ірі қара 7 пайыз, қой 10 пайыз, жылқы малы 14 пайыз көлемінде өсті, бұл — үлкен жетістік. Мұның барлығына шаруашылықтардың қажырлы еңбегінің арқасында, екінші жағынан, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланудың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Сіздер ауыл шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосып жатырсыздар, — деді Ержан Әшімұлы.

Салтанатты шараға жиналғандарды кәсіби мерекемен қала әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев та құттықтады.

— Құрметті жерлестер, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері және қадірлі ардагерлер! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің тер төкті еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде алдағы 5 жылда ауылды өркендету ісіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Алдағы уақытта ауылды дамыту үшін тиімді жұмыс жүргізілетін болады. Қадірменді жерлестер, бүгінгі мерекені пайдалана отырып, сіздерді осы маңызды шараларды бірлесіп атқаруға шақырамын. Экономиканың басты тетігіне айналған ауыл шаруашылығы саласының гүлденуіне үлес қосып жатқан сіздерге әрқашан құрметіміз ерекше. Бүгінгі мерекеде сіздердің ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! — деп ізгі тілегін білдірді қала әкімінің орынбасары.

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда аянбай еңбек еткен ардагерлерге гүл шоқтарын ұсынылды. Сондай-ақ бірқатар сала қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және облыс әкімі мен қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шарадан соң ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің құрметіне Қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды.

Мақалада: Салтанатты жиын ауыл шаруашылығы қызыметкерлеріне арналды

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

21 час бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС