"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ МЕН ҚАЛА: АУЫЗ СУ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?

06.12.2022
АУЫЛ МЕН ҚАЛА: АУЫЗ СУ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?
306
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс – бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Ел Президенті Қ.Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлуі түсінікті. Өйткені ауыз судың сапасы ел тұғындарының денсаулығына тікелей әсер етеді. Жалпы, елімізде халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы, одан соң 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылды. Ал өткен жылдан бастап бұл мәселе «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында шешімін тауып келеді. Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы біздің облысымызда да жіті бақылауда.

ылыми және зерттеу жұмыстарымен айналысатын Экономикалық зерттеулер институтындағы өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовтің айтуынша, ең бірінші кезекте ұлттық жобалар есебінен өңір тұрғындары үшін барынша өзекті мәселе шешілетін болады. «Мәселен, бүгінде 1 миллионнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Оның ішінде шамамен 770 мың ауыл тұрғыны және 280 мың қала тұрғыны бар. 53 қалада кәріз-тазарту құрылғыларын жаңғырту және салу қажет. Мұның үстіне ағынды суларды тазартумен қамту 70,5 пайызды құрайды», — деді Қайсар Нығметов. Бұл мәселе жоғарыда аталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында шешімін тауып келеді. Ұлттық жобадан күтілетін әлеуметтік әсер – қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құрумен қатар, базалық қызметтерге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету. 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАЗА СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ Абай облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл аймақта ауыз сумен қамту бойынша 13 жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде 10-ы құрылыс жобасы болса, 3-уі — қайта жаңарту жобасы. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыруға осы жылы Абай облысы бойынша 36 млрд теңге, оның ішінде республикалық трансферттер есебінен 26,9 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінген. Биыл 6,4 мың адамды қамтитын 10 сумен жабдықтау жобасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы 10,5 млрд теңгеге 31 жобаны іске асыру жоспарлануда. — Облыс өңірлерінде су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту, блокты-модульдік станциялар салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңарту бойынша 1,8 млрд теңгеге 2 жоба іске асырылуда. Облыстың 327 елді мекенінің 41-і орталықтандырылған сумен жабдықталмаған. 2023 жылы 10,5 млрд теңге сомасына 31 жобаны, 2024-2025 жылдары 58 жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру арқылы облыс халқын 100 пайыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, — дейді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы. КӘРІЗ ЖҮЙЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ БАСТЫ НАЗАРДА Бүгінде ауыз сумен қамту – тұрғындармен кездесулерде бірінші кезекте айтылатын мәселе. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Семей қаласының барлық аудандарының тұрғындарын 2025 жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Абай облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық бағыттары бойынша қазіргі жағдайға мұқият талдау жүргізіп, оның нәтижесінде облыс орталығының шеткі аудандарының 52 көшесінде су құбыры тартылмағанын анықтады. Келер жылы Бобровка, Березовский, Красный кордон, Лодочный, Зағиптар қоғамы аудандарында, Алматы көшесінде құрылыс жүргізу жоспарлануда. Мұрат, Половинка және Ақбұлақ ауылдарында да құрылыс жұмыстары басталмақ. Келесі жылы сондай-ақ Восход және Водный кенттерінде кварталішілік желілер салынбақ. Жобалардың сапалы жүзеге асырылуы үшін ТҮКШ бөлімі құрылыс жұмыстарын бақылауға алатын болады. Коммуналдық қызметтердің алдында тозығы жеткен желілерді қайта құру бойынша үлкен міндет тұр. Семей ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, орташа есеппен су құбыры желілерінің 66 пайызы тозған. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Восход, Водный, Шығыс кенті тұрғындарымен кездесуінде де шағымдардың көпшілігі сумен жабдықтауға қатысты болды. Тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды мұқият тыңдаған әкім көтерілген мәселелер негізінде жұмыс жүргізілетінін, нақты айтатын болсақ, Восход пен Водный кенттері орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетінін жеткізді. — Бүгінгі күні Восход және Водный кенттеріндегі су құбыры желілерінің құрылысын жүргізетін мердігер анықталды. Жұмыстар қолайлы ауа райы кезінде жүзеге асырылатын болады, — деді қала әкімі. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, 2025 жылы сумен жабдықтаумен қатар, кәріз қызметтеріне де 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету күтіледі. Бұл орайда шаһар басшысы қаламыздағы кәріз жүйелерінің жұмысын тексерген болатын. Қала әкімі Красный кордон ауданы мен Шығыс, Дальний кенттеріндегі су бөгеттері мен су құбырларының жағдайымен танысып шықты. Шаһар басшысы жауапты сала басшыларымен бірлесе отырып, Красный кордон ауданындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жер асты суларына гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, қаланың арық жүйесін күтіп ұстау және тазалау бойынша коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту және бақылауға алу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар Нұрбол Төлегенұлы көктемгі су тасқынына дайындыққа ерекше назар аударуды және жер асты суларын бұру жүйесінің жұмысын жолға қоюды тапсырды. «АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТА АЛМАСАҚ – БӘРІМІЗГЕ СЫН» Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, қалаларды ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз етумен қоса, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық жерлердегі кәріздер жөндеуді, ескі орамдар қайта жаңарту жұмыстарын қажет етеді. Президент ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ауылды өркендету ісіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – Ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз»,- деді. Бүгінгі күні Абай облысының ауыл-аймақтарында сумен қамту қандай деңгейде, бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Өңір аудандарының тиісті сала басшыларына, жауапты бөлімдердің мамандарына хабарласып, осы сауалдарға жауап алған едік. Бородулиха. Ауданда сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта 8 тұрғын үй аумағына жобадан тыс қосымша су құбыры өткізілді. Атап айтқанда, Пионерская көшесінің аумағы, Речная көшесінің бөлігі, Восточная тұйық көшесі және Достық көшесіне шығатын Бірлік пен Абай көшесіндегі айналымдық жүйе, Қазақстан көшесі бойындағы 5 екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы ауданындағы аумақ, шаруа серіктестіктері және орман шаруашылығы ауданында 2 пәтерлі 6 тұрғын үйге су құбыры жеткізілді. Су құбырын қосымша учаскелерге толық жеткізу кезінде құбыр ұзындығы 3,071 шақырымға ұлғайтылды және желілердің жобалық ұзындығы 40,349 шақырымды құрады. Биылғы жылдың мамыр айында Жаңа Шүлбі ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі күні ұзындығы 25,8 шақырым кентішілік желілердің жұмыстары мен су жинау құрылыстарының алаңы бойынша жұмыстар аяқталып, 2 ұңғыма бұрғыланды. Шарт бойынша осы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Сондай-ақ мамыр айында Березовка подхозында кентішілік сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары басталған. Бүгінгі күні су құбыры салынып, ұзындығы 1,4 шақырым сорғы станциясының алаңы бойынша жұмыстар жүргізілуде, су мұнарасы орнатылып, қоршау құрылысы жүріп жатыр. Биылғы жылға барлығы 50 млн теңге бөлінді, нысан келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал Петропавловка ауылында магистральдық желілері бар су жинау құрылыстарын салу жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі таңда ұзындығы 5,2 шақырым су құбыры салынды, қаржыландыру шарттары бойынша бұл нысан да келесі жылы аяқталмақ. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жұмыс сапарымен Новопокровка ауылына барғанда, ауданда ғана емес, облыстық деңгейде ауыз су қорларын іздестіру, бұрғылау, су құбырларын тарту және жөндеумен айналысатын «Семейгидрогеология» ЖШС-де, «Исток-2», «Труд-13», «Лада», «Лина-Агро» шаруа қожалықтарында болып, жұмыс барысымен танысты. — «Березовка подхозында су құбыры желісінің құрылысы» жобасы бойынша атқарылып жатқан істермен таныстым. Подхоздың барлық үйлерін сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған жоба жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде барлық 55 үйге ауыз су кіргізіліп, тұрғындарды таза сумен қамту жоспарлануда. Сондайақ ауылда жаздан бері сапалы таза ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда ауыл тұрғындарының пікірлерін білдім. Жергілікті тұрғындар су құбырының әрбір үйдің ауласына дейін жеткізіліп жатқанына ризашылықтарын жеткізді. Үйге кіргізу жұмыстарын өз күштерімен жүргізетіндерін айтып, алғыстарын білдірді, — дейді аудан әкімі. Жалпы, Жаңа Шүлбі ауылында 260 үй су құбырына қосылатын болады. Қазіргі таңда емхана, мектеп, мәдениет үйі мен өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына су құбыры тартылды. Мердігер компания жұмыстардың сапалы әрі уақытында аяқталатындығын айтады. Абай. Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Сайлаубековтің айтуынша, бүгінде ауданда 2020 жылы құрылысы басталған Қарауыл ауылының су құбыры қайта жаңғыртылып, өткен жылы пайдалануға берілген. Жұмыстарды мердігер компания «Востокстройгрупп» серіктестігі жүзеге асырды. Құбырдың жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайды. Сондай-ақ ұзындығы 470 метр болатын Кеңгірбай би ауылының су құбыры жөнделіп, тамыз айында пайдалануға берілді. Тамыз айында Көкбай ауылында ұзындығы 320 метрлік су құбырын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 12 үйдің су құбырын кеңейту жұмыстарына 16 339,0 мың теңге қаражат бөлінген. Орда ауылындағы блокты-модульды станцияға қосымша колонка орнатуға 3 689,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталыпты. Ал су құбырларын жаңғырту жұмыстарына тоқталатын болсақ, Қасқабұлақ ауылының су құбырын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Аталған жұмыстарға 6 376,0 мың теңге бөлінді. Жоба бойынша әрбір тұрғын үйдің ауласына дейін су құбыры тартылатын болады. Енді Архат, Медеу, Құндызды, Кеңгірбай би ауылдарының су құбырын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлынып отыр. Жобаларды 2023-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген. Бөрілі елді мекенінде блокты-модульды станция орнатуға 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады, жоба 2024 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланған. Аудан бойынша барлық ауылдар орталықтандырылған су жүйесімен толық қамтылған. — Қарауыл ауылында былтырғы жылдан бастап тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталған. Бүгінгі таңда су құбырларын қайта жаңғырту және таза ауыз су желісін тұрғын үйлердің аумағына дейін жеткізу жұмыстары іске асырылуда. Осыған байланысты Қарауыл ауылындағы су құбырларын жаңғырту жұмыстарының сапасына бақылау жүргізетін арнайы топ құрылды. Топ құрамына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ақсақалдар ұйымы және ауданның сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің қызметкерлері кірген. Топ мүшелері бекітілген күнтізбелік кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, күнделікті бақылау, қадағалау жүргізіп отыратын болады, — дейді аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов. Жарма. Аудандағы Бірлікшіл ауылдық округінің орталығы Сұлусарының тұрғындарының таза ауыз суға қол жеткізе алмай келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болған еді. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенде бүгінде 99 үй және 470-ке жуық тұрғын бар. Тұрғындар ауыз суды өздері қаздырған бірнеше ауладағы құдықтан тасымалдау арқылы пайдаланып келген. Ауыл халқы ауыз су ішетін құдықпен толық қамтамасыз етілмеген болатын, әрі кей аулалардағы құдық суы ащы болғандықтан ауыз сумен қамту тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін өте өзекті мәселенің бірі болды. Биыл ауыл тұрғындарының талап-тілектері назарға алынып, аталған елді мекенде су құбыры желісінің құрылысы басталды. Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, Сұлусары ауылында су құбыры құрылысы жобасының жалпы сметалық құны 425,196 млн теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың шілде айында басталған, нысан келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінгі күні қажетті материалдар жеткізіліп, резервуарлар мен қоршаулары орнатылуда. Жалпы, Жарма ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі 80-90 пайызға жеткен. Өткен жылы Аршалы, Кіші Қарасу және Қапай батыр сынды шағын ауылдарда да су құбыры құрылысы жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, ауыл халқы игілігін көріп отыр. Үржар. Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдан бастап аудандағы 11 елді мекенде су құбырлары желілері жаңғыртылып, қайта іске қосылды. 200 адамға дейін тұратын 12 ауылға блокты-модульдік станция орнатылды. Қазіргі уақытта 57 148 адам тұратын ауданның 41 елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су жеткізілген. Яғни аудандағы елді мекендердің 77,4 пайызы, жалпы аудан тұрғындарының 80,8 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. Қазіргі уақытта 6 елді мекенде су құбыры желілерінің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін 3 ауылдағы жұмыстар аяқталып, нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2021 жылы сумен жабдықтау құрылысы бойынша Малақ, Некрасовка ауылдарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жобаларды 2023 жылы іске асыруға бюджеттік өтінім берілген. Сондай-ақ Бекет, Ер Қабанбай, Қазымбет, Қызылту ауылдарын сумен жабдықтау жұмыстарына да жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды 2023-2024 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін Үржар ауданының кешенді даму жоспары бойынша ауданның елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылады деп межеленген. Ақсуат. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда ауыз су тапшылығын жоюдың маңызы зор. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет. Ауылдарды сумен толық қамту мәселесі Ақсуат ауданында біртіндеп шешіліп келеді. Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, ауданда таза ауыз сумен аудан орталығы, ауылдық округ орталықтары ғана емес, алыстағы елді мекендер де қамтамасыз етілген. Ақсуат ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылысы биыл аяқталды. Ал орталықтан алыстағы Мүрсәлім, Қызылжұлдыз шағын елді мекендерінде блокты-модульді станциялар орнатылып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта аудандағы 29 елді мекенің 24-і орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда Ақсуат ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен толық қамту мәселесі түбегейлі шешілді деп айтуға әлі ерте. Бұл мәселе Ақсуат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері, мекеме, бөлімдер мен ауыл әкімдігіндегі мамандар, көше комитеттерінің мүшелері қатысқан жиындарда жиі сөз болған. Жиындарға Ақсуат ауылы бойынша таза су құбырын тарту жұмысын атқарған мамандары да қатысқан. Тарбағатай ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Сабырбаев та есеп берді. Ақсуат ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы туралы осы жоба бойынша жұмысты атқарушы мердігер ұйым «DK-proekt» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Д.Шотабаев та хабарлама жасаған. «Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары С.Нұрғалиев та өзіне қойылған сұрақтарға түсінік берген. Бөлімі басшысы С.Сабырбаев ауылдағы үйлерге су құбыры желілері «қызыл сызыққа» дейін толық тартылып болғанын, ендігі мәселе ауыл тұрғындарының үйлеріне су кіргізу керектігін айтқан. Коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары С.Нұрғалиевтың ең соңғы мәліметі бойынша, Ақсуат ауылында бүгінгі күнге дейін 1530 тұрғын үйдің 326-сына таза су кірген екен. Әрине, бұл қанағаттанарлық көрсеткіш емес. Әйтсе де осыдан екі ай бұрынғы жағдаймен салыстырғанда «қызыл сызықтағы» суды үйдің ішіне дейін жеткізіп алу жұмысында сәл де болса ілгерілеушілік бар деген сөз. Ақсуат ауылдық округінің әкімі М.Иманбеков бұл жұмыстар жаз шыға қайта жалғастырылатынын айтады. Ауыл әкімдігінде өткен жиындарда жиі көтерілетін тағы бір сұрақ – Ақсуат ауылында алпыс шақты үйдің «қызыл сызығына» су құбырының жеткізілмей қалуы. Бұл, әрине, елеулі олқылық. Бұл осы ауылдағы үйлерге таза су тарту жобасының сапасыз жасалғандығын көрсетеді. — Су құбырын тарту кезінде қалып қойған 63 үйге су беру мәселесі аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімімен бірлесе отырып алдағы жылы орындалады,- дейді Д.Шотабаев. Ақсуат ауылын таза сумен қамту жобасын іске асыруда кеткен кемшіліктердің бірі су сорғыларының жұмысқа қосылмай тұрғаны болатын. «DK-proekt» ЖШС өкілі Д.Шотабаев қоғамдастық отырысының күн тәртібіне бұл мәселенің орынды қойылып отырғанын айта келіп, судың берілмей жатқан себебін түсіндірді. Жоба бойынша су сору насостарының қуаты 7,5 Квт болғандықтан су қысымы талапқа сай болмаған. Бұл олқылықты жою үшін серіктестік ұжымы құны 3,5 млн теңге тұратын басқа су сору насосын әкеліп орнатты. Қазірде ауылда таза су тұрақты берілуде. Көкпекті. Көкпекті ауданындағы 50 елді мекенде 27 мың 51 адам тұрады. 35 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған, бұл 70 пайызын ғана құрайды. Ауданда су құбыры желілерін қайта жаңарту, шалғай ауылдарға орталық су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, тұрғындарды таза сумен қамту жұмыстары 2018 жылы басталған. 2020 жылы Ажар ауылында су тарту құрылыстарын және Көкжыра ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ауданның жеті елді мекенінде — Қайыңды, Жаңажол, Ақтас, Ұзынбұлақ, Қайнар, Нұра және Мойылды ауылдарында блокты-модульдік станциялар орнатылды. Қазіргі уақытта Ажар ауылындағы су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарын қайта құру және су құбыры желілерін салу, шалғай ауылдарға орталық су құбырын жүргізу жұмыстары сәтті өткенін атап өтуге болады. Сондай-ақ Көкпекті, Самар, Көкжайық, Үлкенбөкен, Құлынжол, Аққала, Миролюбовка, Преображенка, Маринагорка, Үлгілімалшы ауылдарындағы су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын жаңарту да сәтті аяқталды. Бұл жобаларды іске асыруға өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд 711 млн теңге бөлінген. Көкпектінің 1968 жылы пайдалануға берілген ескі су құбыры жүйесіне жаңғырту жұмыстарын жүргізу сияқты елеулі өзгерістердің болмауы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының өзектілігін дәлелдей түседі. Ұлттық жоба аясында ауданда елді мекендерді сумен жабдықтау нысандарын салу бойынша сегіз жоба іске асырылуда. Жалпы, су құбыры желілері мен блокты-модульдік станциялардың қондырғыларын салу жобаларын іске асыру осы ауылдардағы тұрғындардың таза ауыз суға қажеттіліктерін үздіксіз қанағаттандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, облыста халықты ауыз сумен қамтуда кезең-кезеңімен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Абай облысында орталықтандырылған су жүйесін пайдалану көрсеткіші артып келеді (пайызға) жетті. Аталған бағдарлама аясында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Олай болса, 2025 жылға қарай облыс тұрғындары толықтай сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады деп сенеміз. Бастысы – қолға алынған шаралардың нәтижелі жүзеге асуы.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

5 дней бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

6 дней бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

6 дней бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

6 дней бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

7 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

7 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

7 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

7 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС