"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

09.12.2022
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ КӨП
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

6 желтоқсан күні Семей қалалық әкімдігінде Қоғам кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Отырыста алдымен Семей қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Елдос Оразалиннің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, қаладағы криминогендік жағдай тұрақты. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстар саны 59,6%-ға, яғни 2683-тен 1085-ке дейін төмендеген. Ағымдағы жылы қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау бойынша мақсатты жұмыстар ұйымдастырылып, жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, қала көшелері мен жол желілеріне 424 рет тексеру жүргізілген.  Оның ішінде орын алған кемшіліктерді жою туралы 395 ұйғарым шығарылып, әкімдікке 20 хат жолданды. Он айдың ішінде Семей қалалық патрульдік полиция батальоны жеке құрамы 27 835 жол жүру ережесін бұзу фактісін анықтаған.

Қоғамдық кеңес мүшелері мал ұрлығының жиілеп кеткенін айтып, бөлім басшысынан қолға алынып жатқан шаралар туралы сұрады. Өткен жылы мал ұрлығына қатысты 41 іс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 21-ге түскен. Қылмыстың азаюына малға ЖПС трекерлерін орнату, қараусыз кеткен малды айыппұл тұрақтарына қамау және иелеріне айыппұл төлету сынды әкімшілік жазаларды қолдану оң ықпалын тигізген.

Қоғамдық кеңес отырысында Семей қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Елена Овчаренконың айтуынша, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көмегі қала тұрғындарына 1994 жылдан бастап беріледі. Бастапқыда бұл қызмет орталық жылытуы бар абаттандырылған үйлерде тұратын азаматтарға ғана ұсынылса,  2004 жылдан бастап ШҚО мәслихатының шешімімен пешпен жылытылатын үйлерде тұратын азаматтарға да қатты отын берудің ережесі енгізілді. Бүгінгі таңда қатты отын сатып алуға көмек көрсету қалалық мәслихаттың шешімімен Қазақстан бойынша тек Семей қаласында жүргізілуде.

— Енгізілетін өзгерістерге байланысты тұрғын үй көмегін алушылар саны  50%-ға дейін қысқартылады. Тұрғын үй көмегін, негізінен, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар, ең төменгі жалақымен жұмыс істейтіндер алады. Есепті кезеңде 26 261, 0 мың теңге 1291 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді. 2022 жылы бағдарламаға барлығы 34 228,0 мың теңге қарастырылған, — деді Елена Овчаренко.

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғын үй көмегін алушылар санын қысқартуды емес, көбейтуді ұсынды.

Жиында Семей қаласының бас сәулетшісі Ардақ Исатаев қаланың сол жағалауындағы құрылыс салу жоспары туралы айтып берді. Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының айтуынша, сол жағалаудағы жаңа көппәтерлі үйлер мен бірнеше әлеуметтік нысандарды салу үшін ескі ғимараттарды бұзу жоспарлануда.

Қазір жоба талқылануда. Ардақ Исатаевтың айтуынша, оң жағалаудағы жылу тапшылығына байланысты құрылыс сол жағалауда басталады.

— Қазір жобаға түзету жұмыстары енгізілуде. 71-ші жылы салынған және одан кейінгі ескі үйлерді бұзуға болады. Келіссөздер жүріп жатыр. 15 желтоқсанда қаланың Жаңасемей бөлігін егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бірінші кезекте Молдағалиева, Жамбыл көшелерінен бастаймыз,− деді Ардақ Исатаев.

Қоғамдық кеңес мүшелері қалада тұрғын үй құрылысы көптеп салынып жатқанын, бірақ ЖЭО-3 әлі салынбағандықтан жылу жеткіліксіз екенін, бұл жағдай көбіне үй салуда ескерілмейтінін айтты.

— Шешімді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы емес, қала әкімі, сәулет бөлімі қабылдайды. Олар жер бөліп, қала аумағынан салынғалы отырған нысанның бас жоспарға  сәйкестігін анықтайды. Сәулетші сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде инженерлік желілерді үйлестіру туралы талаптар кө рсетілуі керек. Яғни, мемлекеттік сәулет -құрылыс бақылау басқармасы құрылыс нысанын «салу немесе салмау» туралы шешім қабылдамайды. Біз тек жер телімінің бар-жоғын, нысанның салыну мақсатын, жобалық-сметалық құжаттары мен сараптамасын қараймыз. Құжаттары дұрыс болса, құрылыс салу туралы рұқсат хабарлама жіберіледі. Қазір қала тұрғындары құрылыс нысандары заңсыз салынуда деп шағым айтып жатыр. Біз бұл тұрғыда ешқандай шара қолдана алмаймыз. Өз құзыреттілігіміз аясында біздің міндетіміз құрылыс сапасын бақылау, — деді Азамат Байқазақов.

Кеңес отырысында сонымен қатар Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Сейтхановтың абаттандыру жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

23 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

23 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС