"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерлан Қошанов: Президент «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді

05.01.2023
Ерлан Қошанов: Президент «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтар оқиғасында халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, Президенттің ерік-жігерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мәжіліс қабырғасында осымен екінші рет Бас прокурор мен құқық қорғау органдарының басшыларын тыңдадық. Ең басты айтар кетерлігі – бұл Парламенттегі тыңдау тікелей эфирде өтіп жатыр. Бұл мемлекеттің, биліктің ашықтығын және осы ауыр мәселені егжей-тегжейлі анықтауға ерекше мүдделі екенін көрсетеді. Халқымыздан жасыратын ештеңе жоқ, соған қоғам да шындыққа көз жеткізу керек деп санаймыз», — деді палата төрағасы.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасының нақты жоспарланған ауыр қылмыс екенін дәлелдейтін фактілер жеткілікті, бүгін айтылды. Бұл жайттар Бас прокурордың баяндамасында да толық қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні қаңтардағы қайғылы оқиғалардың негізгі себеп-салдары белгілі деуге болады.

«Қаңтарды ұйымдастырушылардың көздегені – қантөгіспен болсын, қандай да жолмен билікті басып алу еді. Мәжілісте көрсетілген айғақтар мен қару-жарақтар көрмесі бүлікті ұйымдастырған топтың осы пиғылын анық дәлелдейді. Олар өз дегендерін жүзеге асыру үшін бейбіт халықты қалқан етті, аңғал жастарды адастыруға тырысты. Бұл ашығын айтқанда Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын. Бірақ халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, Президентіміздің ерік-жігерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық», — деді Е. Қошанов.

Сонымен бірге, Е.Қошанов бүлікшілердің басты мақсаты – халықты үйрейлендіріп, қоғамды аласапыран қылып, Президентті қызметінен кетуге мәжбүрлеу болғанын айтты.

«Мен Мемлекет басшысының осындай қиын жағдайда мойнына ауыр жауапкершілік алып, батыл шешімдер қабылдағанына куә болдым. Ол туралы айтылып та, жазылып та жүр. Соның барлығы шындық. Осындай сын-сағатта Қ. Кемелұлы «Мемлекет құламайды» деген бір ауыз сөзімен халыққа рух беріп, үндеу жариялады. Мемлекетті бұрын-соңды болмаған қиындықтан алып шықты. Ең бастысы, елдің туы жығылған жоқ. Кешегі жалпыұлттық референдумда, Президент сайлауында халықтың Қасым-Жомарт Тоқаевты жаппай қолдауы, зор сенімі осының шынайы көрінісі, дәлелі деп санаймын», — деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты депутаттар сауалына жауап берді.

Фото: parlam.kz

Мақалада: Ерлан Қошанов: Президент «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

14 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС