"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР СЕМЕЙДЕ ДЕМАЛДЫ

10.01.2023
ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР СЕМЕЙДЕ ДЕМАЛДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

AMANAT партиясының төрағасы Е.Қошановтың тапсырмасы бойынша Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайға байланысты шаһардың мыңнан аса кішкентай тұрғынын қысқы каникулда сауықтыру-демалыс орындарына жіберу ісі ұйымдастырылған болатын.

Партияның әр аймақтағы филиалдары, сонымен қатар партия мүшелері де бұл бастамаға бір ауыздан қолдау білдірді. Осы орайда AMANAT партиясының жаңадан құрылған Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен 4-8 қаңтар күндері жүзден аса екібастұздық балақай қысқы демалыстарын Семей қаласының іргесіндегі «KARAGAILY санаториясы» медициналық әлеуметтік мекемесінде өткізді. Еске сала кетсек, KARAGAILY шипажайы — емдік-сауықтыру емшараларының толық кешенін ұсынатын сауықтыру мекемесі. Мұнда балалар білікті медицина мамандарының тексеруінен өтіп, қажет болған жағдайда, ем де қабылдай алады.

Осылайша, өткен аптада KARAGAILY шипажайына 102 екібастұздық бала арнайы шақырумен келді. Балалармен бірге Павлодар облыстық білім басқармасынан бекітілген 11 жетекші ұстаз, екі дәрігер маман келді.

Қаңтардың 4-і күні Семей қаласындағы темір жол вокзалына келіп түскен балалар жол полициясының жол бастауымен KARAGAILY шипажайына жеткізілді.

Шипажайдың бас дәрігері Бағлан Шегедеков алдымен демалуға келген балаларды медициналық тексеруден өткізіп, арнайы ұсыныстар берді. Ем-дом алу шаралары білікті дәрігерлердің қадағалауымен балалардың ата-аналарымен өзара келісу, рұқсат алу арқылы жүргізілгенін айта кету ләзім.

Балалар үшін 4-8 қаңтар аралығында, сауықтыру шараларымен қатар, облыстық әкімдіктің білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт басқармалары мамандарының бірлесе ат салысуымен мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылды. Шипажайда балалардың жақсы демалуына барлық жағдай жасалды.  Әр күн тақырып бойынша — «Білім күні», «Мәдениет күні», «Спорт күні», «Жастар күні» болып белгіленгеніп, балалар өз уақыттыран тиімді әрі пайдалы етіп өткізе алды. Мәселен, Білім күнінде екібастұздық балалар үшін AMANAT партиясы облыстық филиалы және білім басқармасы бірлесіп концерттік бағдарлама, сауықтыру-шынықтыру шараларын және оның соңынан жсөспірімдер үшін арнайы би кешін ұйымдастырды.

Сонымен қатар Абай облысы AMANAT партиясының мүшелері барша баланы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, арнайы әкелген сыйлықтарын табыс етті.

Сондай-ақ партияның «Жастар рухы» ЖҚ түрлі конкурстар мен ойындар, тренингтер ұйымдастырды. Күні бойына жоспарланған іс-шаралар «Королевская ночь» балымен қорытындыланды.

— Балалардың қысқы демалысын қызықты етіп ұйымдастыру үшін барлық жағдай қарастырылды. Ең басты мақсатымыз балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу тоқсанына күш-қуат жинап қайтуларын қамтамасыз ету болды, — дейді ұйымдастырушылар.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР СЕМЕЙДЕ ДЕМАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

13 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС