"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

 12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж Құрылыс» ЖШС, «Озон 93» өндірістік кооперативі, «ИП Агапкин Сергей Викторович» ЖК өз өнімдерін ұсынды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов алдымен «Activity Park» ЖШС өнімдерімен танысты. Семей қаласында орналасқан компания 2016 жылдан бері ойын-сауық орталықтары мен тұрғын үй кешендері аулалары және саябақтар үшін балалар ойынына арналған құрал-жабдықтар жасаумен айналысады. Бүгінгі таңда мекеме ел көлемінде елуден астам жобаны жүзеге асырған.

— 2018 жылы «Даму» қорының демеушілігімен пластикалық өнімдерді балқытуға арналған айналмалы қалыпты жабдық сатып алдық. Полиэтилен және бояулар Ресейдің Қазан қаласындағы «Полимер-Корпорэйшн» компаниясынан жеткізіледі. Барлық өнімдер лабораториялық және техникалық сынақтардан өткен. 2020 жылы біздің өндіріс заманауи жабдықтармен жабдықталып, өндірістің толық циклін өзге ұйымдардың қатысуынсыз жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Құрал-жабдықтар түсті материалдардан жасалғандықтан, киімде із қалдырмайды. Сапаға үш жылға дейін кепілдік беріледі,- дейді компания өкілдері.

— Мені, ең алдымен, өнімнің сапасы алаңдатады. Биыл біз қалаға бірнеше балалар ойын алаңдарын орнаттық. Кейбірі әлден сынып жатыр. Қала тұрғындарынан орнатылған жабдықтардың сапасына қатысты көп шағым түседі,- деген қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов аталған компания өнімдерін сатып алуға дайын екенін жеткізді.

Компания ойын лабиринттерін, әткеншектер мен батут алаңдарын, жұмсақ модульдер, аттракциондар, воркаут алаңдарын, құрғақ бассейнге арналған шарлар, Snow Cover жабындысын, көшедегі балалар ойын алаңдарына қажетті және басқа да құрал-жабдықтар жасауға маманданған.

Ал «Ж Құрылыс» ЖШС компаниясы спорт алаңдарына аралған резеңке плиткалар мен ұнтақтар, жиектастар мен тақтатастар, жасанды көгал дайындаумен және сатумен айналысады.

— Биыл сіздердің өнімдеріңізді сынақ үшін сатып алатын боламыз. Егер сапасы көңілімізден шықса, бір жылдан кейін өзге өңірлерден тасымалдауды тоқтатып, жергілікті өндірісті қолдау үшін сіздермен келісімшартқа отыруға дайынбыз,- деді қала әкімі «Ж Құрылыс» ЖШС директорына.

Осыдан соң  қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Озон 93» өндірістік кооперативі жасаған демалуға арналған көше орындықтарын және «ИП Агапкин Сергей Викторович» ЖК-нің шарбақтары мен металл торларын көрді.

Көрме соңында шаһар басшысы жергілікті кәсіпкерлерге өнім сапасын әлі де жақсарта түсуді ұсынып, алдағы уақытта әріптес болуға дайын екенін айтты.

— Биылғы жылға қалада жоспарланған жұмыс көп. Біз облыс орталығын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өңірімізде осындай кәсіпкерлердің барына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істейміз деп ойлаймын, — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Мақалада: ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

16 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

16 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

7 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

7 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС