"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бауыржан Момышұлының әкесі туралы айтқан шындығы елді елжіретті

16.01.2023
Бауыржан Момышұлының әкесі туралы айтқан шындығы елді елжіретті
3.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Менің әкем бай да болған жоқ, кедей де болған жоқ. Әкемнің тірі кезінде мен талай рет ашықтым да, жалаңаяқ, жалаңбас жүрген кездерім де болды.

Әкем сараң кісі емес еді. Мен оның 54 жасында көрген жалғыз ұл баласы едім. Әсіресе, біздің қазақ жалғызынан несін аяйды… Әкем мені еркелетіп өсірген жоқ. Әрине, қолынан келгенше шамасына қарап тарылтқан жоқ. Есептеп беріп, есептеп алып отырды ол кісі.

Мен Жамбылда оқып жүрген кезім еді.

Әкем базарға екі қой айдап келіп әрқайсысын алты сомнан сатты. Менің киімім тозған еді. Үбианның да, Әлиманның да (менің үлкен апаларым), жеңешеңнің де (менің өгей шешем) киімдері тозып, жұпыланып отыр деді әкем. – Ал екеуміз ақылдасып, мына он екі сомды қарыштайықшы.

Билік сенде болсын, – деп күлімсіреп маған қарады да, – Ал алдымен кім үшін қарыштаймыз? – деп сұрады менен. – Алдымен үйге қарышталық! – дедім мен.

– Біз – үйдегі, сен түздегі адамсың ғой, қарағым! – деді әкем тағы да жылысырап, – алдымен сен керегіңді алғын, қарағым!

– Маған… Маған… – дедім мен сасқалақтап не айтарымды білместен.

– Маған еш нәрсенің керегі жоқ. – Саған еш нәрсенің керегі жоқ, – деп әкем мырс етіп күлді де, – біз үйдегілерміз, сен түздегісің, – деп қайталады. – Жоқ, шынында маған ештеңе керек емес!

– Тұра тұр, балам, сабыр ет! Күз өтіп, қыс түсіп келеді. Саған жылы тужурка керек. Ол – бір! Үстіңде бірақ ішкі киімің бар. Моншаға барғанда… – Иә, моншаға барғанда ауыстыратын ішкі нәрсем жоқ.

Басқа балалардікі бар, – деп даусым дірілдеп, – Менің шұлғауым да жоқ… Мұрнымды сүртетін орамал да жоқ, – деп жылап жібердім. – Ай, балам! Сені бұндай босаң деп ойламаушы едім. Бұның не, қарағым?..

Бұрын неге айтпадың?

Мен ұялып төмен қарадым. – Ал екеуміз де бір үйдің еркектеріміз. Алдымен шайханаға барып шай ішіп алалық та, одан кейін ақылдасып барымызды қарыштайық, – деп әкем қолымнан жетектеп шайханаға ертіп барды.

Одан кейін магазиндерді араладық. Керек-жарақтарымызды алдық.

«Бай болып көргенім жоқ, кедей болып өлгенім жоқ» дейді қазақ біз сияқтыны, қарағым! – деді әкем қоштасып тұрып.

– Барына шүкір етелік… Ақшада тіл жоқ, қайда жұмсасаң сонда кете береді… Біз сияқты адамдарға бір тиын – маңдай тері. Мә, саған тағы да 25 тиын. Керегіңе орынды жаратып жұмсауға тырыс, шырағым… Әкем кетті. Мен қалдым».

Бауыржан Момышұлы
© Oinet.kz

 

Мақалада: Бауыржан Момышұлының әкесі туралы айтқан шындығы елді елжіретті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

10 часов бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

10 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

12 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

12 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

12 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

12 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

2 дня бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

3 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС