"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕК АДАМЫНА ІЛТИПАТ

16.01.2023
ЕҢБЕК АДАМЫНА ІЛТИПАТ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЕҢБЕК АДАМЫНА ІЛТИПАТ

 

Абай облысында жедел жәрдем қызметінің 22 автокөлік жүргізушісі алғаш рет ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Жедел жәрдем – әрбір науқастың денсаулығы мен өмірі үшін ұйымдасқан түрде атқарылатын медицина саласындағы өте жауапты қызмет. Бұл қызметте жүргізушілердің кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесі сынға түсіп, дер кезінде науқасты керекті ауруханаға жеткізу маңызды орын алады. Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Владимир Ли атап өткендей, жүргізушілердің еңбегін бағалауда еңбек өтілі, тәжірибесі ғана ескеріліп қоймай, жұмыс уақытында және одан тыс уақытта жол-көлік оқиғаларын болдырмауына да көңіл аударылды.

17 жылдан бері жедел жәрдем қызметінде реанимациялық бригаданың көлік жүргізушісі болып еңбек етіп жүрген Тайжан Жолдасбаев – марапат алғандардың бірі.

— Біз әрбір науқасқа медициналық көмекті дер кеөзінде көрсету үшін жылдам жетуге тырысамыз. Әсіресе біздің бригада мүшелері өзінің әр науқас алдындағы жауапкершілігін сезініп, жұмысын сапалы атқаруға тырысады. Талай жылдан бері реанимациялық бригаданың көлік жүргізушісі болып еңбек етіп жүрмін. «Еңбек бағалануымен құнды демекші», бүгін, міне, біз сияқты қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетіліп, марапат алып жатырмыз, өте қуаныштымыз, — дейді Тайжан Жолдасбаев.

Салтанатты шараға дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары және бақылаушылар кеңесі қатысты.

Айта кетелік, бүгінде Абай облысының жедел медициналық жәрдем станциясының халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін облыста жалғыз АН-2 ұшағы болған. Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қолдауымен оған жаңа L-410 лайнері қосылды. Мамандардың айтуынша, жаңа әуе кемесі 2 есе жылдам, әрі L-410 тобының ұшақтары -50°C-тан +50°C-қа дейінгі температура диапазонында экстремалды климаттық жағдайларда ұша алады. Әуе кемесі асфальтталмаған қысқа ұшу-қону жолақтарына қонып-ұшып, жақын және орташа қашықтықтарға ұшуды жүзеге асыра алады.

Медициналық авиация қызметі жұмысын бастағалы өз нәтижелерін де көрсетуде. 2 күн ішінде 4 науқасқа көмек көрсетілді. Облыстың жетекші дәрігерлері 3 жүкті әйелге жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңа L-410 ұшағымен Үржар ауылына алғашқы ұшуды жүзеге асырды.

Бұдан кейін авиация қызметінің мобильді бригадасы Аягөз ауданындағы жамбас жарақаты бар науқасты тасымалдады. Науқасқа күрделі ота жасау үшін қалалық жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Әуе кемесінің бортында пациентке толық медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қамтылған: 3 науқасты зембілмен тасымалдау, 7 орын қарастырылған.

Медициналық авиация қызметі былтыр 185 ұшуды орындап, 222 науқасқа көмек көрсетті, оның 75-і — балалар. Семейдің тәжірибелі дәрігерлері аймақтарға барып, 14 күрделі ота жасады.

Мақалада: ЕҢБЕК АДАМЫНА ІЛТИПАТ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

12 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС