"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

16.01.2023
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттен жылдық 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несиелер бес жыл мерзімге берілмек. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Баспасөз мәслихатына Семей қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Даирова, орталықтың атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Айнұр Мұстафина, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар беру және көші-қон бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Жиын барысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасын іске асыру бойынша және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ 2023 жылға арналған  жоспарлар туралы айтылды.  Орталық директоры Дариға Абайқызының айтуынша, бүгінде Семей қаласында 350 мыңға жуық тұрғын болса, оның 174 800-і жұмыспен қамтылған, 9 мыңы жұмыссыз, ал 52 600 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. 2023 жылдың 1 қаңтарына 1019 адам электронды порталға жұмыссыз ретінде тіркелген.

— 2020 жылы еңбек делдалдығы үшін 5076 адам өтінім білдірді. Оның ішінде 4038-і Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтылды. 1315 адам тұрақты жұмысқа, 151 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылса, 289 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жолданып, 55-і тұрақты жұмысқа алынды. 967 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 37 адам адам жолданса, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында екі адам жұмысқа орналасты,- деді Семей қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Абайқызы.

50 жастан асқан азаматтардың жұмысқа орналасуы қиын. Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Күміс жас» жобасын ұсынып отыр. Ол бойынша мемлекет есебінен бірінші жылы жалақының 70 пайызы, екінші жылдан бастап 65 пайызы субсидияланады. Субсидия көлемі 30 АЕК-ден, яғни биылғы жыл бойынша 103 500 теңгеден аспауы керек. Биыл аталмыш жоба аясында Семей қаласында бес адам жұмыспен қамтылған.

Конференция барысында айтылғандай, өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында 853 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға жіберілсе, оның 631-і оқуын аяқтап, сертификат алған. 243, 814 млн теңге көлеміндегі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 199 адамға берілген. Оның 95-і — 18-29 жас аралығындағы жастар, 104-і әлеуметтік осал топ өкілдеріне жатады. Ал биыл бұл бағытта 151 млн теңге қарастырылып отыр.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберіндегі еңбек көші-қоны жөніндегі шаралар аясында өткен жылдың басынан Семей өңіріне 75 адамнан тұратын 34 отбасы қоныс аударған. Олардың ішінде еңбек күштері артылған Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарынан және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 16 отбасы (54 адам) және Өзбекстан, Моңғолия, ҚХР және Ресейден 18 қандас отбасы (21 адам) көшіп келген. Қоныс аударушыларға және қандастарға тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер ақысы төленеді.

Биыл жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттен жылдық 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несиелер бес жыл мерзімге берілмек. Бұл туралы кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар беру және көші-қон бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев айтып берді.

— Бүгінгі таңда министрлік және жергілікті атқарушы органдар арасында шарттар жасалуда. Өзгертулерге сәйкес, несиені 18-35 жас аралығындағы жастар ала алады. Ал ауылдық елді мекендерде мал өсірем деген жастарға 7 млн теңгеге дейін беріледі.  Қосымша мәліметтер тағы да хабарланатын болады,- деді Азамат Құрманғалиев.

Орталықтың атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Айнұр Мұстафина өткен жылы 2450 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын атап өтті. Оның ішінде шартсыз ақшалай көмек 709 отбасыға, шартты ақшалай көмек 1888 отбасыға тағайындалған, 1-6 жас аралығындағы 3345 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет алған.

Брифинг соңында спикерлер БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берді.

Мақалада: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

12 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС