"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮРЖАРДА ҚЫС ҚАЛЫҢ ЖАУДЫ…

19.01.2023
ҮРЖАРДА ҚЫС ҚАЛЫҢ ЖАУДЫ…
53
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҮРЖАРДА ҚЫС ҚАЛЫҢ ЖАУДЫ…

Биылғы қыс аймағымыздың күнгейіндегі Үржар ауданы халқына да қаһарлы мінезін көрсетуде. Десек те, жазы жайма-шуақ болғанымен, қысы қатаң өңірде бұл мезгілге даярлық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, арнайы техникалар сақадай-сай тұрған болатын. Сондықтан болар, қаңтармен қабаттаса келген ауыртпалықтарды еңсеру қиынға түсе қойған жоқ. Аудан көлемінде өңір басшысы Нұржан Тоқсейітовтің тікелей басшылығымен қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Аудан орталығы мен елді мекендердегі жолдар мен көшелер қалың түскен қардан тазартылуда.

 

Қар құрсауынан құтқарылған Тасбұлақ

Өткен аптада Үржар өңірінің табиғаты тосын мінез танытты. Өңірдің таулы аймағында орналасқан Тасбұлақ ауылына барар жолды қарлы бораннан кейін қалың күртік қар басып қалды. Жолдың кейбір тұстарындағы атты кісі малтығып қалатын қар құрсауын ауыр техникадан басқа ешкім бұзып өте алмайды. Былайша айтқанда, елді мекенмен аралықтағы жол қатынасы мүлде үзілді. Ауылда азық-түлік қоры жеткілікті болғанымен, келімді-кетімді жолаушылар мен ауруханаға қатынайтын жандар үшін қиындық туындады. Тасбұлақ ауылын сыртқы әлеммен тек телефон байланысы ғана жалғап тұрды.

Бұл жағдайдан хабардар болысымен аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлы бастаған жұмыс тобы бірден іске кірісті. Қажетті техникалар жылдам жеткізіліп, азаматтар жол тазалауды бастап кетті.   Қасат қарды аршу оңай жұмыс емес екені белгілі. Ауыр техника күші мен адамдардың ерік-жігері қажет. Таскескен – Бақты күре жолынан ауылға дейінгі 18 шақырым жолды тазалау үш тәулікке жалғасты. Жұмыстар түнгі мезгілде де тоқтатылған жоқ. Күре жолдан бастап ауылға дейінгі аралықты күреп шыққан жігіттер Тасбұлақтың шетіне ілінгенде, жолдың қос қапталындағы үйілген қардың биіктігі үй төбесіне дейін жететіндей болды. Ауыл қар құрсауынан құтқарылды. Абырой болғанда, қар астында қалған шағын елді мекеннің тұрғындары дін аман, басы ауырып, балтыры сыздаған ешкім жоқ екен.

Ауыл көнекөздерінің айтуынша, мұндай тосын жайттар сирек болса да орын алып тұрады екен. Әсіресе кеңес дәуірі тұсында, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары шамасында мал-жан шығыны да болыпты. Жұмысты дереу ұйымдастырып, өзі басы-қасында болған аудан басшысы мен көмек қолын созған азаматтарға  ауыл ақсақалдары мен тұрғындарының алғыстары мол. Бұл орайда Үржар аудандық «ДЭУ-24» мекемесінің басшысы Надим Манафов, «Некрасовка и К» шаруа қожалығының басшысы Бақтыбек Мұсабаев, «Алғабас» шаруа қожалығының басшысы Мәулетбек Қалиев, «Үржар Агро компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Евгений Лягавин, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Каримов, жеке кәсіпкерлер Алексей Литвинов, Анет Тұрлыбеков сынды азаматтар ширақ қимылдып, бірлесе көмек көрсетті. Ал Тасбұлаққа іргелес жатқан Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі Еркін Ысқақов, Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Айдын Қожаев, Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің әкімі Айдос Байгулжин, Үржар ауылдық округінің әкімі Виктор Щуцкий және Алтыншоқы ауылының белсенді азаматы Бекен Омракунов жол тазалаушыларға ыстық тамақ пен  азық-түлікті дер кезінде жеткізіп беріп отырды.

— Қардың шамадан тыс көп болуына байланысты жолды ашу жұмыстарына үлкен күш жұмсалды. Осы ретте көмекке келген ауданның белсенді азаматтары мен жеке кәсіпкерлерге, көршілес ауылдардың тұрғындарына алғысымызды білдіреміз!- дейді Үржар аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернат Жұмашев.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында

Желтоқсан-қаңтар айларында Үржар өңірінде қар шамадан тыс қалың түсті. Әсіресе таулы өңірлер мен күре жолдың бойындағы, желдің өтіндегі елді мекендердегі ақ ұлпаның биіктігі кейбір жерлерде 1,5 метрге дейін жетті. Ауданның коммуналдық қызметі өткен бір аптаның ішінде уақытпен санаспай, қарбалас жұмыс жүргізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан тұрғындары шет қалмай, көмек көрсетуде. Үржар ауданының волонтерлері жұдырақтай жұмылып, қарт зейнеткерлердің, мүгедектігі бар жандар мен қолдауға зәру жандардың ауласын қардан тазартуға қолғабыс жасауда. Әсіресе Мақаншы, Таскескен, Үржар ауылдарында еріктілер қоғамдық орындар мен мекемелердің аулаларындағы қарды шығаруға да атсалысып жатыр.

Әрине, мұндай ауқымды жұмыстар дұрыс ұйымдастыруды талап ететіні белгілі. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов қалыптасқан жағдайға байланысты байланысты аудан орталығы мен жекелеген ауылдық округтердегі қар тазалау жұмыстарын қадағалауға алып отыр.  Бір ғана мысал, 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түнде Үржар ауданында бір  метрге жуық қар жауыпты. Көше-жол желісін тазалауға 70-тен астам техника мен 100-ден аса жұмысшы жұмылдырылды. Коммуналдық қызмет өкілдерінің тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істап, көшелерді қардан толықтай тазартып шықты. Қазіргі таңда ауданның барлық ауылдық округтерінде жол тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе Тасбұлақ, Келдімұрат, Қарабұта сынды таулы аймақта орналасқан елді мекендер қатаң бақылауда тұр.

Сонымен қатар аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлының басшылығымен ықтимал төтенше жағдайдың алу үшін шаралары да қолға алынды. Қолайсыз ауа райының қалыптасуына байланысты жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және арнайы көліктердің жол бастауымен Үржар ауылындағы «Қазмұнайгаз» жанар-жағармай құю бекетіне 17 тонна және Мақаншы ауылындағы «Техно-Ойл» бекетіне 34 тонна бензин жеткізілді. Бүгінгі күні жанар-жағармай жеткілікті, алдағы уақытта да  тапшылық болмайды.

Қысы тым қатал Үржар өңірінде осы мезгілде малға, тіпті адам өміріне қауіп төндіретін тосын жағдайлар аз болмайды. Мәселен, ауданға қарасты Бестерек ауылдық округі аумағындағы таулы аймақта үш адамнан тұратын бір отбасы тау бөктерлеріне серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткені белгілі.  Жоғалған отбасының туыстары тиісті орындарға хабарлағаннан кейін, аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтің жедел әрекет етуімен төтенше жағдайлар мамандары мен «Тарбағатай» ұлттық паркінің қызметкерлерінен құрылған арнайы құтқарушылар тобы бірден отбасын іздеуге аттанды. Боран күшейіп, ызғар еселене түскен уақыт. Әйтсе де құтқарушылар тобының жедел қимылдауының арқасында  бір отбасы аман-есен табылды.

Тосын жағдайлар ауданға қарасты «92-ші шақырым» аталатын аумақта жиі орын алады. Таскескен ауылынан сегіз шағырымдай қашықтықтағы жол бөлігінің Алматы облысына бұрылатын тұсы жел коридоры саналады. Климаттық белдеу де осы аралықта ауысатындықтан бұл аумақта қыс мезгілінде қарлы боран жиі болып тұрады. Сондықтан аудан ғана емес, республика бойынша құтқару операциялары осы «92-ші шақырымда» жиі жүргізіледі. Осындай құтқару іс-шаралары өткен аптада ұйымдастырылып, түнгі мезгілде жолда қалған 300-ден астам автокөлік пен 8 жолаушылар автобусы қар құрсауынан құтқарылды. Жолдар толықтай тазаланып, Алматы, Семей, Өскемен, Үржар бағыттары бойынша жол қозғалысы қайта жанданды. Бұл орайда Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов, Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Айдын Қожаев, аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері, «ДЭУ — 24» жол мекемесі және мердігерлер мен ауылдық округтердегі шаруа қожалықтар қар тазалауға жұмыла кірісті.

Бұған дейін де осы жол телімінде тұрып қалған жолаушылар құтқарылып, Таскескен ауылына жеткізілген болатын.

Қаңтардың соңғы онкүндігі мен алдағы ақпан айына жасалған ауа райы болжамы көңіл көншітпей тұр. Оның үстіне ақпан мен наурыздың басы — Үржар өңірінде ақ түтек боранның күшіне мінетін уақыты. Сол себепті де ауданның күштік құрылымдары, ауылдық округ әкімдері кез келген тосын жағдайға сақадай сай болуы тиіс. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов апта сайын өткізілетін аппараттық кеңестерде табиғаттың тосын мінезіне дайындық шаралары, атқарылатын жұмыстар талқыланып, нақтыланып отырады.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына ауылішілік көшелерді және жол қиылыстарын қардан тазарту, сонымен қатар жылу қазандықтарының жұмысын үнемі қадағалауда ұстау міндеттеліп, тиісті нұсқаулықтар берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

10 часов бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

10 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

12 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

12 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

12 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

13 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

2 дня бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

2 дня бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

3 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС