"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

24.01.2023
ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шаған кенті және Жиенәлі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, өтініш-тілектерін тыңдап қайтты.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Қала әкімі алдымен Шаған кентінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуге қатысқан тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Шағандықтар кентте макарон цехы ашылса деген ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ қысқы мал азығын әзірлеу үшін шабындық жер қажет. Кентте жер телімдерінің жоқтығы әсіресе мал өсірумен айналысатын шаруалар үшін өзекті болып тұр. Сонымен қатар тұрғындар кентке ауыл мәртебесін беру керек деп есептейді. Себебі кент “Ауыл — Ел бесігі” жобасына қатыса алмауда, бұған елді мекеннің ресми мәртебесі кедергі болып тұр. Белгілеген тәртіп бойынша, аталған мемлекеттік бағдарламаға тек ауыл тұрғындары ғана қатыса алады.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов кенттегі бірнеше нысандарды аралады. Шаған әкімі кенттегі медициналық пункттің жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілгенін  айтып шағымданды. Қала басшысы бұл мәселені шешуді аталмыш салаға жауапты орынбасарына тапсырды.

Шаған кенті әкімдігі өз қызметінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ауылдық жерлерде қолайлы және жайлы өмір сүруге жағдай жасауға басымдық беріп отыр. Бүгінгі таңда елді мекенде 552 адам тұрып жатыр. Алдағы уақытта тұрғындар санын арттыру да көзделуде.

Қала әкімі Семей шаһарының іргесіндегі Жиенәлі ауылдық округіне де арнайы барды.

Жиенәлі ауылдық округіне екі елді мекен —  Бөкенші ауылы және Маралды ауылы қарайды. Округтегі халық саны 820 адам, 189 аула тіркелген.

Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен ауылдағы мектепті аралап көрді. Биылғы жылы білім ордасының терезелерін ауыстырып, күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда білім ошағының материалдық базасы толық, оқушылар саны да жеткілікті.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан, негізінен, ауыл халқының өмір сапасын арттыру, тұрмысын жақсартуға қатысты  сұрақтар қозғалды, жол мен ауыз су жайы да сөз болды.

Дегенмен жергілікті тұрғындардың көпшілігі жайылымдық жердің аздығына наразы. Қала әкімі алдағы уақытта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, жайылымдық жерлерді қарастыратынын жеткізді.

Кездесуде Нұрбол Төлегенұлы аталған ауылдық округті абаттандыру бағытында атқарылатын жұмыстармен де таныстырды. Биыл Бөкенші  ауылының бірқатар көшелелері жарықтандырылатын болады. Сондай-ақ қар ұстауға арналған қоршау құрылғысын орнату, воркаут алаңын жасау, Маралды ауылына кіреберіс жолды кеңейту жұмыстары жоспарланып отыр.

Мақалада: ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС