"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26.01.2023
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Семей қалалық полиция басқармасында жедел кеңес өтті. Жиынға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Семей қаласының прокуроры Саид Аймұхан, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нариман Күлдіков  қатысты.

Жиын барысында қалалық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев Семей қаласы полиция басқармасының жедел-қызметтік жұмысының 2022 жылғы нәтижелері туралы есеп берді.
Кеңесте тәртіп сақшыларының күнделікті қызмет барысында кездесетін проблемалық мәселелері ортаға салынып, оларды шешу жолдары талқыланды.

— Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау, профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ қылмыстардың жолын кесуге қатысты  қызметті жетілдіру Полиция басқармасы қызметінің басым бағыттары болып қала береді,- деді Қайрат Әбдіғалиев.

Қала әкімі облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету аса маңызды екенін, азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс екенін атап өтті.

— Сіздер қылмысқа қарсы күресте үнемі алдыңғы қатардасыздар, халықпен тікелей қарым-қатынаста боласыздар, біздің қала тұрғындарының тыныштығы сіздердің қызметтеріңізбен тікелей байланысты. Қала әкімдігі тарапынан полиция басқармасының материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмек көрсетілетін болады. Ескірген техникалық құралдарды жаңғырту, қазіргі заманға сай цифрлық құрылғылардың көмегімен полиция қызметінің бақылауды пәрменді жүргізуін қамтамасыз ету, ол үшін қала бойынша автоматты камералар желісін кеңейтіп, учаскелік полиция пункттеріне қатысты мәселелерді шешу, оларды қазіргі заманға сай техникалық құралдармен жабдықтау қажет. Өткен жылы Семей қаласы аумағындағы криминогендік жағдай тұрақталып, қылмыстық оқиғалар 60 пайыз төмендеді. Бұл қаламыздағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлық күш- жігерін салып қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының ерен еңбегінің жемісі деп білемін,- деді шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Кеңес барысында қала әкімі қызметтік міндетін мүлтіксіз атқарып, құқықтық тәртіпті сақтауда зор еңбек сіңірген бірқатар учаскелік полиция инспекторларын марапаттады.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы Әуезов, Затон, Орталық полиция ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі күні тиісті жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Мақалада: ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

9 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС