"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

31.01.2023
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында алғаш рет ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті. Облыс орталығы Семей қаласында ұйымдастырылған бәсекеге Абай, Ақсуат, Бесқарағай, Жарма мен Үржар аудандарының және Семей қаласының белді тоғызқұмалақшылары жиналды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алтай Ауғанбаев, ардагер спортшы — тоғызқұмалақ қайраткері Мұрат Оқасов, ҚР ұлттық дәрежедегі төрешісі Назым Күзембай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тоғызқұмалақшылардың ойынына ҚР-ның ұлттық дәрежедегі төрешілері Мұрат Оқасов пен Жарас Исаханов және Назым Күзембай төрелік етті.

Тоғызқұмалақтың классикалық түрінен өткен жарыста ерлер арасында Ақсуат ауданынан келген Диас Жәнібеков соңғы турда басты қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Cемей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Еркебұлан Досан қанжығасына байласа, қос қола жүлдені Семей қаласындағы №2 облыстық арнайы спорт мектебінің жаттықтырушылары Әкежан Рамазанов пен Кенже Құрманов өзара бөлісті.

Ал әйелдер арасында ойынның классикалық және блиц түрлерінен Аяна Исахан алдына  жан салмады. Аяна — Семей қаласындағы №37 гимназияның оқушысы, №2 облыстық арнайы спорт мектебінде жаттығады,  әкесі, бас бапкер Жарас Исахановтың шәкірті.

Жарыстың блиц (шапшаң ойнау) түрі бойынша ерлер арасында Бесқарағай ауданының спортшысы Нұрлан Аханов жеңіске жетіп, спорт шеберлігіне үміткерлер қатарына  қосылды. Әкежан Рамазанов күміс жүлдеге, абайлық Нұрали Қайратұлы мен семейлік Алтынбек Құсайынов қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында ақсуаттықтар ерекшеленді: Әдемі Серікқалиқызы күмістен, Нұрай Әлиханова  қоладан алқа тақты. Ал екінші қоланы семейлік Аружан Оралбаева еншіледі.

Абай облысында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен чемпионатта ойынның классикалық және блиц түрлері бойынша спортшыларды дайындаған ұстаз–жаттықтырушылар ақсуаттық М.Мағзұмов, абайлық Н.Күзембай, бесқарағайлық С.Амрин, жармалық Е.Сұлтанов пен семейлік Л.Парфиевич пен А.Балықбаеваның еңбектері ерекше.

Алдағы жарыстарда Аягөз, Бородулиха, Көкпекті мен Үржар аудандары мен Курчатов қаласының тоғызқұмалақшыларын да жеңіс тұғырынан көреміз деген ниеттеміз.

 

А.МЫРЗАХМЕТОВ,

Геодезия және картография колледжінің дене шынықтыру пәні мұғалімі 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

23 часа бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

23 часа бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

24 часа бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

24 часа бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС