"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

30.01.2023
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 қаңтар күні Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық бақылау басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдерімен кездесуге Абай облысының бақылау басқармасының басшысы Азамат Байқазақов, облыстық бақылау басқармасының орынбасарлары Ерлан Ниятқабылов, Шыңғыс Аманжолов қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Өткен жылы басқармада жеке және заңды тұлғалардың 531 өтініші қабылданып, оның ішінде сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша – 337 өтініш, еңбек заңнамасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 194 өтініш қаралған. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында 30 жоспардан тыс тексеру жүргізілген, оның шеңберінде 30 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Құрылысқа қатысушылар жіберетін негізгі бұзушылықтарға, атап айтатын болсақ, жобалау құжаттамасын әзірлеу, сараптау және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органын хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асыру жатады. Мәселен, рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 29 тапсырыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін 11 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді облыстық бақылау басқармасының басшысы.

Азамат Қайырбекұлының айтуынша, құрылыс субъектілері көп жағдайда бұзушылықтарға жол беріп жатады. Мәселен, салалық заңнаманы білмеу, жобалау ұйымдарының жобалық құжаттаманы сапасыз әзірленуі, мердігерлік ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындауы, техникалық және авторлық қадағалау тарапынан әлсіз бақылауы, сайып келгенде, құрылыстағы заңнама мен мемлекеттік нормативтердің бұзылуына әкеледі. Құрылыс субъектілеріндегі бұзушылықтарды азайту және құрылыс сапасын арттыру мақсатында басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру жолымен сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтеді, сондай-ақ құрылыс, жобалау, техникалық және авторлық қадағалауларды жүргізу кезінде нормалар мен мемлекеттік нормативтерді қолдану бойынша құрылысқа қатысушылармен семинар-кеңестер өткізеді.

Басқармаға жеке қабылдауға келген 240 қызметкерге еңбек заңнамасы турасында түсініктемелер берілген. Бұл ретте 24 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 42 бұзушылық анықталған. Бұзушылықтардың бірқатары негізінен жалақыны уақтылы төлемеу, төлемді кешіктіргені үшін өсімпұлды есептемеу, қызметкерлерді үстеме жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту, еңбек шартын жасамау, тәртіптік жаза қолданумен келіспеу, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламаудан тұрады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарында тұрақты түрде түсіндірме әңгімелер жүргізеді. Алдыңғы жылдың 6 айында 150-ден астам қызметкердің қатысуымен кәсіпорын ұжымдарымен 30 кездесу өткізілді.

Облыста 2 мыңнан астам жұмыс берушілер жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасады. Бақылау басқармасының басшысы облыстағы өндірістік жарақаттану бойынша мәліметтер келтірді.

— Еңбек инспекторларының зерттеу нәтижесінде өндірісте барлық зардап шеккен қызметкерлердің саны 22 адамды құрайды, оның ішінде 12 адам ауыр жарақат алды, 2 адам қайтыс болды, 8 адам жеңіл жарақат алды. Басқармада полиция органдары, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып, жасырын жарақат алу фактілеріне жол бермеу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Облыстың 13 ұйымында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау өткізілді, онда 581 жұмыс орны аттестатталды, оның ішінде 303 жұмыс орны зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді, — дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу мониторингі жүргізілуде. Азамат Байқазақов сөз соңында басқарма облыстағы 5 ірі кәсіпорындағы бақылау субъектілерін аралап, еңбек заңнамасының сақталуына, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық бақылау жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Мақалада: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

24 часа бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

24 часа бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС