"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ БАСҚАН АУЛАЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

08.02.2023
СУ БАСҚАН АУЛАЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 7 ақпан күні «Семей Водоканал» МКК басшысы Еркен Сағындықов және Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен бірге Би Боранбай және Широкая көшелеріне барып,  су басқан аумақтарды аралап шықты.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні кешке Семейдегі «Загородная 2» диаметрі 1200 миллиметрлік кәріз дюкері бітеліп қалып, соның  салдарынан Би-Боранбай  көшесі бойындағы үйлер мен «Цементник» стадионының аумағын  су басқан болатын. Қазір жеке үйлердің аумағын су басу қаупі жоқ. Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов апат салдарынан су басқан аулаларды әкімдік толығымен қалпына келтіретінін жеткізді.

Коммуналдық қызмет апат болған сәттен бастап тас жол мен жеке тұрғын үй секторының бойында жағалауды бекітуге кірісті, сонымен қатар тұрғын үйлердің аулаларына кірген ағын суды сору жұмыстарын жүргізді. Жедел штаб құрылып, оқиға орнына әкімдіктен, төтенше жағдайлар департаментінен және Төтенше жағдайлар министрлігінің №68303 әскери бөлімінен 115 адам мен 46 техника жұмылдырылды. Суды тоқтату үшін инертті материалдар салынған 600-ден астам қап төселді.

Жұмыс түні бойы үзіліссіз жүргізілді. 7 ақпан күні жеке тұрғын үйлер аумағын судан тазартып,  2800-ден астам шаршы метр су сорылды.

ТЖМ мәліметінше, 16 аула мен алты үй су астында қалған. Мал қоралары, көмір тұратын орын мен жертөлелерге,  алты үйдің бөлмелеріне дейін су кірген.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов кәріз құбырының жарылуы салдарынан үйлері зақымданған Широкая көшесінің тұрғындарымен кездесіп, апатты жағдайдың себебін түсіндірді.

– Жер астындағы темірбетон құбырлары істен шығып, төтенше жағдай орын алды.  Соның кесірінен коллектор тақтасы бітеліп қалған.  Суды тоқтату оңай болмады, құбырдың бітелген тұсын анықтау үшін, бір шақырым жер қазылды. Қазір құбырдың жарылған жері жөнделіп, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр,- деді Нұрбол Төлегенұлы.

Қала әкімдігі жеке үйлердің аумағын су басу қаупі жоқ екенін айтты. Жағдай толық бақылауда. Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов апат салдарынан су басқан аулаларды әкімдік толығымен қалпына келтіретініне уәде берді.

– Бүгін түнімен көше бойындағы суды толықтай сорып, тазарту жұмыстарын жүргізетін боламыз. Жеке тұрғын үйлерге аса қатты зардап келмеген. Менің тапсырмам бойынша арнайы комиссия құрылды. Кешке дейін су астында қалған 6 үйді, ертең аулаларды көреді. Содан кейін қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келтірілген шығындардың барлығы әкімдік тарапынан өтелетін болады,- деді қала әкімі.

Қазіргі таңда оқиға орнында Семей қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің мамандары және ТЖБ қызметкерлері жұмыс істеуде. Аулаларына су кірген үйлердің толық тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мақалада: СУ БАСҚАН АУЛАЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 день бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 день бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС