"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Басынан балтамен ұрған: Премьер-министр Петропавл мектебінде болған оқиғаға қатысты тапсырма берді

14.02.2023
Басынан балтамен ұрған: Премьер-министр Петропавл мектебінде болған оқиғаға қатысты тапсырма берді
88
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үкімет отысында Петропавл мектебінде болған жағдайдың мән-жайын Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев баяндаған соң, Премьер-министр осы оқиғаға байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мектепте болған оқиғаны айтып берді.

«13 ақпанда сағат 07:52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушылары жараланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға болған орынға жылдам жедел-тергеу тобы шығып кетті. Тексеру барысында сағат 07:40-та 9-сынып оқушысының рюкзагымен асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска алып кіргені анықталды. Ол сағат 07:50-де 2-қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, дәлізбен жүгіріп келіп, бірінші 10-шы сынып оқушысының басынан балтамен 2 рет ұрған. Одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығынан 1 рет және басынан 2 рет ұрған және 9-сынып оқушысының басынан 1 рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары  мен мұғалімдер ұстаған»,- деді Қожаев.

Ол атағандай, 2 жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайлары бірқалыпты,  бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.

«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушының заңды өкілі анасы екені анықталды. Күдіктінің денсаулығында психикалық проблема болған. Алматы қаласының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген», — деді ол.

Ол атағандай, қаладағы  4 мектепте екі ауысыммен сабақ беріледі.

«№4 орта мектепте 2 ауысыммен сабақ оқиды, 39 сынып, 984 оқушы бар, мұғалімдер штаты – 70, оның ішінде біреуі – психолог. Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мектепте және оның аумағында 42 бейнебақылау камерасы және «СА BARS NEXT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосылған (шақыру түскен уақытта жылдам қимылдауды қамтамасыз етеді) 5 дабыл кнопкасы бар. Оқиға болған күні мектептің 1-қабатында күзетші-вахтер болған. Тергеу барысы бақылауға алынды, оның нәтижесі бойынша қылмыс пен заңды бұзу жағдайларының алдын алу туралы ұсыным енгізіледі», — деді Қожаев.

Премьер-министрі Әлихан Смайылов бұл өте қауіпті жағдай екенін айтты.

«Халықтың арасында үлкен алаңдаушылық туғызды. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап,   оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі керек. Балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керек екенін нақты білуі тиіс», — деді Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 день бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 день бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС