"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сарапшы аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді

16.02.2023
Сарапшы аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева Мәжіліс және мәслихат депутаттарын аралас сайлау жүйесі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанар Санхаева Қазақстанда соңғы 20 жылда пропорционалды сайлау жүйесі болғанын, енді саяси науқан аралас жүйе бойынша өтетінін еске салды.

«Аралас сайлау жүйесінің ерекшелігі – бір мандатты үміткерлер келеді. Бүгінде бұл жүйені көпшілік талқылап жатыр. Бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлау ерекше қызығушылық тудырады, өйткені олар Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы өткізілмеген. Аралас сайлау жүйесінің басты артықшылығы, біріншіден, әрбір азаматтың сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы. Яғни, әрқайсымыз тәуелсіз кандидат ретінде өз кандидатурамызды ұсына аламыз, үміткерлер партияға қарамастан өзінің саяси көзқарасын білдіре алады. Бұрын кейбір заңнамалық идеяларды ілгерілету үшін партия мүшесі болуымыз керек болса, енді оны партияға қарамастан дербес жүзеге асыруға болады. Екіншіден, біз енді Мәжілісте партиялық өкілдіктен бөлек, аймақтық өкілдіктерді көретін боламыз, өйткені бір мандатты сайлау округтері аймақтық болып бөлінеді. Мысалы, Алматы, Түркістан облысының аудандары бар, аудан санына қарай бірнеше депутат сайланады. Мұндай сәттер өте маңызды және партияларға қарамастан өз құндылығын көрсетуге, қандай да бір саяси институттарға қарамастан өз облысын, қаласын немесе аймағын ұсынуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар, ол жақында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы ҰСЗИ ғылыми қызметкері өз тәжірибесін бөліскенін атап өтті.

«Қырғызстанда 2021 жылы сайлау аралас жүйе бойынша өтті. Бұл тәжірбие бізді қызықтырды. Сарапшылар сайлау қалай өтетінін, алгоритмдерді, технологияларды зерттей отырып, тәжірибе, пікір алмасуы қажет. Олардың сайлау науқанының ұқсастығы біз үшін өзекті болды. Осыған дейін, 20 жылдай бұрын бізде аралас сайлау жүйесі болғанын атап өткім келеді. Біз қазір соған қайтып оралдық», — деді ол.

Сондай-ақ ҚСЗИ сарапшысы осы сайлауға жаңа саяси партиялар қатысатынын тілге тиек етті.

Айтуынша, бұл бәсекені арттырады.

«Жаңа партиялардың қатысуы бәсекелестікті күшейтеді. Бұл — жаңа ұрандар, жаңа тұлғалар, жаңа үгіт-насихат құралдары. Біз жаңа партиялардың сапалы науқан өткізуге мүдделі екенін көріп отырмыз», — деп қосты ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жеті саяси партия тіркелген.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді.

Мақалада: Сарапшы аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 минут бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС