"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МҮМКІНДІКТЕ ШЕК ЖОҚ

24.02.2023
МҮМКІНДІКТЕ ШЕК ЖОҚ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда облыста ерекше қажеттіліктері бар 26589 адам есепте тұрса, оның 3015-і — бала- лар. Алайда олардың тек 13 пайызы ғана спортпен шұғылдана алады.

Облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің төрағалығымен өткен жиында ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында спортты дамыту мәселесі қозғалды. Дөңгелек үстел басында Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Е.Әбілқасымов, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры А.Жақыпов және әр түрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен тікелей жұмыс істейтін орталықтардың өкілдері облысымыздағы параспортшылар тап болатын негізгі мәселелерді талқылады. Жиынға қатысқан жаттықтырушылар мен спортшылар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелге қатысушылар ойын алаңдары мен спорт залдарының аздығы, жаттығу құралдарының жетіспеушілігі, инватакси мәселесі, мүмкіндігі шектеулі жандардың бассейнге баруы, спортшыларды ынталандыру, тағы да басқа мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Ең маңызды мәселелердің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарды көлікпен қамтамасыз ету. Бұл ретте жол жүру ақысы бөлек көрсетілген. Кейбір параспортшылар оның толық құнын төлеуге мәжбүр. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің көпшілігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделмеген. Жиында айтылғандай, облыста дзюдо, таэквондо, армрестлинг, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика сынды паралимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында бірнеше рет шеберліктерін көрсетті. Алайда, спортшылар атап өткендей, қаржыландырудың жетіспеушілігі жақсы нәтижеге жетуге үлкен кедергі болып отыр. — Бұл кездесу мүмкіндігі шектеулі спортшыларға бірінші кезекте не қажет екенін білу үшін маңызды, − деп атап өтті Шалқар Байбеков.

Облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелер шешімін табатынын айтты.

— Мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт мекемелеріне баруын қамтамасыз ету мәселесін қарастырып, мамыр айында инватаксилерді қолданысқа береміз, сондай-ақ алдағы бес жыл көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекеме салу жоспарымызда бар,- деді Шалқар Заманбекұлы.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар спортшылардың өкілдері саңырау спортшылар үшін жарыстарға қатысуға қажетті сертификаттарды жылдам алуға мүмкіндік беретін жеке диспансер құру туралы ұсыныс жасады.

– Бүгін осы мәселелер бойынша алғашқы кеңейтілген отырысты өткіздік, алдағы уақытта тоқсанына бір рет жиналып, шешімін күткен мәселелерді талқылаймыз деп ойлаймын. Иә, мәселелер бар, бірақ кешенді іс-шаралар арқылы оларды тиімді шешуге болады. Отырыс қорытындысы бойынша жақын арада хаттама-өкім жасалып, бірінші кезектегі міндеттер шешілетін болады,- деді Шалқар Байбеков.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры Арнұр Жақыпов биыл мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, Абай облысының құрама командасы жасақталатынын айтты. Қазіргі күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан спортшылар құрамасына іріктеу жүргізілуде. Жаттықтырушылар спортшыларды алдағы жарыстарға дайындап жатыр, сонымен қатар паралимпиадаға іріктеу жүргізілетін болады, үстел теннисі мен волейбол құрамаларын жасақтау да жоспарда бар. Ұлттық құрамада голбол, жеңіл атлетика, жүзу, армрестлинг, арбада билеу және т.б. спорт түрлері ұсынылады. Сөз ретінде айта кетсек, жазғы, қысқы олимпиадаларда, әлем чемпионаттары, Азия ойындарында, спартакиадаларда еліміздің паралимпиадашыларының жеткен жетістіктері аз емес. Әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфия Ғабидуллина, Азия рекордын жаңартқан Әнуар Ахметов, арбадағы биден әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Ардақ Отарбаев пен Факия Шикова сынды қандастарымыздың қажыр-қайратына қалай риза болмассыз. Ал Софияда өткен Сурдолимпиадалық ойындарда отандасымыз Ғабит Есжанов алтын медальді еншілесе, Сиязбек Дәлиев жүзуден Дүниежүзілік мүгедектер ойындарының жеңімпазы атанған. Осындай тағдыр сынағына мойымаған рухы мықты қайсар жандар көк байрағымызды әлемдік додаларда желбіретіп, әнұранымызды көк аспанда қалықтатып жүр. Оларға тиісті жағдай жасала бермек.

Азамат СЕРІКҰЛЫ,
Шәкәрім университеті студенті

Мақалада: МҮМКІНДІКТЕ ШЕК ЖОҚ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

20 часов бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

20 часов бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

20 часов бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС