Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақ үйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған.