"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

02.03.2023
ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлихан Бөкейхан университетінде «Елім-ай» футбол клубы мен Jusan bank-тің серіктестік бағдарламасының тұсаукесері өтті.

 

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Іс-шараға Абай облысы Футбол федерациясының президенті Виталий Каган, Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ержан Естаев, «Jusan Bank» АҚ өңірлік филиалының басшысы Әділет Оралбеков және БАҚ өкілдері мен клуб жанкүйерлері қатысты.

«Jusan Bank» АҚ өңірлік филиалының директоры Әділет Оралбеков екі тарап арасындағы серіктестік бағдарлама туралы айтып берді. Оның айтуынша, банк «Елім-ай» футбол клубының жанкүйері үшін арнайы карта шығарады.  Карта иелері «Елім-ай» футбол клубының барлық жергілікті матчтарына және  серіктестік желі өкілдерінің де жеңілдіктеріне қол жеткізе алады.

— Біз бала кезден «Елім-ай» клубының ойынын көріп өстік. Араға 25 жыл салып қайта құрылған клубқа қолдау көрсетуді құп көріп отырмыз. Енді жанкүйерлерге арналған арнайы карта болады. Онда бірқатар серіктестер арқылы жанкүйерлерге жеңілдіктер қарастырылады»,- дейді «Jusan Bank» АҚ өңірлік филиалының директоры Әділет Оралбеков.

Қазіргі уақытта серіктестік желіге бірқатар жергілікті шағын және орта бизнес өкілдері – супермаркеттер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, автокөлік жуу орындары және  басқа да нысандар кіреді.

— Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Футбол жанкүйері абонементті бір рет сатып алу арқылы маусымдағы барлық жергілікті мачтарды тамашалай алады. Карта он мың теңге тұрады. Осы арқылы жанкүйерлер футбол клубының дамуына да өз үлесін қосады. Футбол маусымы басталғанға дейін карта сатылымға шығады деп ойлаймын,- деді Әділет Оралбеков.

Іс-шара барысында қатысушыларға Абай облысы футбол федерациясының президенті Виталий Каган таныстырылды. Ол Абай облысындағы және Семей қаласындағы футболды дамыту жоспарларын таныстырды.

— Біз өңірде футболды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірледік. Оның ішінде Абай облысында манеждар мен стадион салуды көздеп отырмыз,- деді ол.
Жаңа стадион барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталатын болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін оның жанында кафе мен қонақүй ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар «Abay IT Valley» технологиялық кластері «Елім-ай» футбол клубының бірқатар цифрлық жобаларын құрастырып жатқанын мәлімдеді. Оның қатарында «elim i» мобильді қосымшасы, 3D визуал жобасы, Elimai: Football Fever ойыны және басқа да жобалар бар. Семей мектептерінде арнайы футбол сыныптарын ашу жоспарланып отыр.

Жиын соңында «Qazaq Astyq Group» ЖШС бас директоры Еркінбек Досқожанов «Елім-ай» футбол клубының ресми демеушісі болуға ниет білдірді.

Айта кетейік, Виталий Каган – Семей қаланың тумасы, «Автомобилист» командасының бұрынғы ойыншысы, ҚазКСР, КСРО кубогының иегері және финалисі. КСРО және ҚазКСР-дің 200-ден астам чемпионаттарында, Қазақстан чемпионатында және бірнеше халықаралық матчтарда (ФИФА төрешісі) төреші болған.

«Жоғары санатты ұлттық төреші», «Қазақстан Республикасының үздік футбол инспекторы» атақтарының иегері, Қазақстан Футбол федерациясының инспекторы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Спорт әр адам үшін қолжетімді болуы тиіс»: Абай облысында бұқаралық спортқа қызығушылық артуда

15.04.2025
Спорт әр адам үшін қолжетімді болуы тиіс»: Абай облысында бұқаралық спортқа қызығушылық артуда

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт...

Толығырақ...Details

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің қазақ күресінен ашық чемпионаты өтті

07.04.2025
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің қазақ күресінен ашық чемпионаты өтті

Абай облысында ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған қазақ күресінен ашық чемпионат жоғары...

Толығырақ...Details

Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті

02.08.2024
Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық қоғам...

Толығырақ...Details

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

01.08.2024
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді. Жүлде қоры...

Толығырақ...Details

«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті

22.07.2024
«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті

21 шілде күні Семейдегі Абай алаңында «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден келген 1000-нан астам...

Толығырақ...Details

Керемет камбэк: Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын жеңіп кетті

27.03.2023
Керемет камбэк: Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын жеңіп кетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Құрбан айт мерекесіне дайындық басталды

1 день бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары басталды

1 день бұрын

Үржар ауданында ауыл жолдары жөнделіп, жол белгілері орнатылуда

2 дня бұрын

Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

2 дня бұрын

Семейде салықшылар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті

3 дня бұрын

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

3 дня бұрын

БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

3 дня бұрын

Абай облысында 5000-ға жуық оқушы жазғы лагерьлерде демалады

3 дня бұрын

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

4 дня бұрын

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС