"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті

02.08.2024
Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық қоғам қайраткері, саяхатшы, Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бренд-амбассары Ерік Шыныбеков тізгіндеп келді.

Көшпенді Ерік Шыныбеков Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Парижге Атырау қаласынан шығып, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия және Германия елдері арқылы жүріп өткен.

көлік
Фото: Ойын ұйымдастырушылары

Осы миссиясы аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын насихаттап, ойын үлгісінде көлігін безендіру арқылы отандық спортқа деген адалдығын, жанашырлығын білдірмек болған.

Көліктің артқы есігінде дала фонында бүркіт ұшырып тұрған бүркітші бейнеленген.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілетін күндері мен (8-13 қыркүйек) ойынның ресми сайты wng.kz көрсетілген. Сондай-ақ, көліктің екі жағына сайыстың ресми логотипінің суреті салынған.

номад
Фото: Ойын ұйымдастырушылары

«Менің ойымша, Еріктің ұйымдастырған акциясы оның көшпенділік болмысын бұрынғыдан да аша түседі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттауды ұйымдастырушылар, мемлекеттік мекемелер, спорттық ұйымдар ғана емес, Қазақстанның кез келген азаматы, спорт жанкүйерлерінің де белсене кіріскенін көрсетеді. Біз осындай жанашырларымыздың арқасында әлемдегі ең ірі спорт және мәдениет орталықтарының бірі Парижде жаһандық көшпенділер мәдениетін таныстыру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің мұрамызды әлемге жариялаудың және жанкүйерлерді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырудың тамаша мүмкіндігі», — деді ойындар дирекциясының маркетинг жөніндегі директоры Серік Буксиков.

номад геймс
Фото: Ойын ұйымдастырушылары

Париж тұрғындары мен қонақтары көлікті сыртынан тамашалап қана қоймай, Ойындар туралы көбірек білуге ​​және көшпелі халықтардың тарихы мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде, ДКО ұйымдастыру комитеті Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына шын жүректен сәттілік тілеп, қазақстандық спортшылардың ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдіреді.

а
Фото: Ойын ұйымдастырушылары

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

номад геймс
Фото: Ойын ұйымдастырушылары

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Түркістанда әлемдік стандарттағы есу арнасы ашылды

15.09.2025
Түркістанда әлемдік стандарттағы есу арнасы ашылды

Semeytany.kz - Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық талаптарға сай салынған бірегей есу арнасы пайдалануға берілді. Нысан Халықаралық каноэ федерациясы...

Толығырақ...Details

«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

08.08.2025
«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС