"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қыз Жібек» махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті

09.03.2023
«Қыз Жібек» махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті
4.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұрпақ алдында нақақтан-нақақ жүзіқара, қанішер етілген Бекежан батырға, не операда, не фильмде аты аталмаған Сансызбай батырға жасалған қиянат болашаққа ұласпағаны жөн. «Қыз Жібек» махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті деп хабарлады inbusiness.kz

Ұлттан жасырылған үш шындық

«Қыз Жібек» жыры алғаш рет 1876 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласындағы Хусаиновтардың баспасынан жарық көрді. Соңынан 1905, 1909, 1911 жылдары сонда қайталап басылған. Бертінде Ташкентте, содан соң Қазақ АКСР астанасы Қызылордада, ақырында 1930 жылы Алматыда басылып шықты. Олардың бәрі негізінен, 1876 жылғы бастапқы нұсқаны ұстанды.

Кеңес заманында «Қыз Жібек» жыры біресе аңыз, біресе тарихи оқиға ретінде ұсынылып жүрді. Ал әдебиетте лиро-эпостық жыр санатына жатқызылды. Тиісінше, оның тарихы терең зерттелмеді. Бірінші шындық та осы жерде: Қыз Жібек жырының барлық дерлік кейіпкері өмірде болған адамдар. Мысалы, көштің алдында «ақ маңдайы жарқырап, танадай көзі жарқылдап», «он қыз нөкер қасында, өзі он бес жасында, қазыналы қырық нарға жібектен арқан тарттырған» сұлу Жібектің әкесі Сырлыбай да, оның ағасы Бекежан да мұрағат құжаттарында бірнеше рет кездеседі. Олар патшалық империяның отаршылдығы күш алған XVIII ғасырдың орта кезеңінде өмір сүрген адамдар. Кіші жүздің беделді биі Сырлыбай қазақ жерінің көрші мемлекетке қосылып кеткелі тұрғанын түсініп, соған ашықтан ашық қарсы шыққаны туралы деректер бар.

Екінші шындық: Бекежанның Төлегенді өлтірмегені туралы біраздан айтылып келеді. Таяуда осы мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Білетін адамдар «Қыз Жібек» фильмінде тарихи оқиғалар қатты бұрмаланғанына өкініш білдірді. Білмейтіндер деректі фильмнен айырмашылығы, көркем фильмде тарихта болған оқиғалар көрерменге қызық болуы үшін қайта қорытылып, өзгеше қырынан көрсетілетінін алға тартты. Бұл дәйектеме қарсы жақтың ашуын туғызды.

«Сіздер түсінбей тұрсыздар-ау деймін. Бекежан Қыз Жібектің ағасы, аралары бес ата ғана. Демек, ағасы Бекежанның өз қарындасына қол созды деу – тәрбиеге жат, ұрпақтан ұят, әрі-беріден соң азғындық. Жоқтарымыз көп қой. Айтыспай жоқтай берейік. Бұра тартпаңыздар», – деді ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызы.

Ал қоғам белсендісі Сейітжан Ғабдол-Жәмел кеңес кезінде түсірілген аталған фильмді «Алтын қордан» алып тастауды ұсынды.

«Негізі, «Қыз Жібек» фильмі қаншама жерден көркем дүние болса да экраннан алынып тасталуға тиіс. Немесе фильмнің басында үлкен әріптермен бадырайтып, онда тарихтың бұрмаланғанын, Төлегенді Бекежан өлтірмегенін анық жазу керек. Ертең әлдебіреулер осы фильмге дереккөз ретінде сүйеніп, қазақтың жеті атаға дейін қыз алыспаған тектілігіне күмән келтірмесіне кім кепіл?», – деді ол.

Үшінші шындық: қыз Жібек өзін-өзі өлтірмеген. Этнографиялық зерттеуші, ақын Мырзан Кенжебай бір маңызды жайтқа назар аудартты. Жырдың екінші бөлімінде Жібектің Төлеген қаза тапқаннан кейінгі өмірі баяндалады. Яғни, әңгіме Қорен қалмақ басшысының Жібекке құмартуы, Төлегеннің інісі Сансызбайдың «ат тұяғын тай басар», «аға өлсе іні әмеңгерлік» деп Жібекпен қосылуы жайында. Міне, жырдың осы бөлігі кеңес заманында қатты сынға ұшырады. Әмеңгерлік феодализмнің қалдығы, қазақтың жабайы үрдістерінің бірі деп насихатталды. Оның әлеуметтік маңызына, жетімді жылатпау, жесірді тентіретпеу үшін қажет екеніне мән берілмеді.

Салдарынан, «Қыз Жібек» операсы мен фильмінен Сансызбай батырдың аты өшті, кеңес идеологиясы Жібекке «өзін-өзі өлтірткізді».

Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Бақытбек Смағұл комиссия аясында Президенттің бастамасымен қолға алынған жұмысты дамытып, тек ХХ ғасырмен шектелмей, оған дейін өмір сүрген, бірақ отаршылық кезінде жасанды түрде «жағымсыз кейіпкерге» айналдырылған батырларымызды да ақтау жайын ойластырған маңызды дейді.

"Қыз Жібек" махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті

«Кеңес заманында қазақ әдебиетінде кейіпкерлер жағымды және жағымсыз деп екіге ғана бөлінетін, олар бір-біріне қарсы қойылатын. Жағымсыз кейіпкер болмаса ол жасанды түрде «ойлап табылатын». Осылайша, отарлаушылар қоғамды батырларға қарсы айдап салды. Кеңестік қаскөй идеологияның бір құрбаны – Бекежан батыр (1667–1730) десек, асылық болмас. Бала кезден естіген ақсақалдардың естелігіне жүгінсек, Бекежан аттары аңызға айналған қос ғашыққа қарсы шықпаған адам. Өйткені Бекежан батыр мен қыз Жібек бір-біріне ағалы-қарындас жандар: Бекежан – шектінің Қабақ руынан, ал Жібек ару – шектінің Жақайымы, Сырлыбай бабаның қызы. Біздің қазақ жеті атаға дейін қыз алыспайды. Сондықтан бұл эпосты баспадан бастырған адам не бұдан хабарсыз болған, немесе батырға өшті-қасты болуы да ықтимал. Ал Бекежан мен Жібектің жақын туыс екенін білетін ағайындар бұл көркем туындыны ешқашан шындық деп қабылдаған емес», – деді Бақытбек Смағұл.

1972 жылғы 18 қыркүйекте «Қазақфильм» түсірген «Қыз Жібек» атты қос сериялы көркем фильмнің премьерасы өтті.

"Қыз Жібек" махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті

Кинотуынды елдегі біраз ағайынның қабырғасын қайыстырды, олар мұны ескі жараның бетін тырнағандай, өте ауыр қабылдады. Жала өш пен нала туғызды, ол шаладай әлі бықсуда. Киноның қатты әсер еткені сонша, елге барғанда жұрт Бекежан рөлін сомдаған дарынды актер Асанәлі Әшімовтің бетіне түкірген.

Қоғам қайраткері, Жамбыл өңірінің тумасы Әбдәлі Нұралиев бала кезінде куә болған бір жайтты әңгімеледі: А.Әшімовтың туған жері, Жамбыл облысының Сарысу ауданының Жайылма ауылында «Қыз Жібек» фильмін көруге ығы-жығы адам жиналады, ескі клубта ине шаншар жер қалмайды. Кино аяқталғанда әйелдер жағы сыңсып жылай бастайды, қариялар да көздеріне жас алған. Ер адамдар қабағын қарс жауып, түнереді. Содан киномеханик жарықты жағып қалғанда, жиналған жұрт ішінен бір жігіт атып тұрып: «Әй, Асқарәлі, сыртқа шық! Жекпе-жек!» деп айғай салыпты. Асқарәлі – Асанәлінің туған ағасы. Осылайша, жұртта фильмде әбден жексұрын етіп көрсетілген Бекежанға деген жеккөрініш сезімі пайда болыпты. Төлегеннің кегін жігіттер айдаладағы Асқарәліден ала жаздаған.

Сонда Төлегенді кім өлтірген?

Қыз Жібекке қатысты оқиға шамамен 1692–1694 жылдары қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жердегі, Кіші Борсық етегіндегі Қособа көлі маңында болған екен. Ел арасында тараған әңгімеге сүйенсек, Төлеген батыр Қособа көлінің жанында торуыл құрған қашқын қарақшының қолынан қаза табады. Содан бері ауызша ғана аңыз болып айтылып жүрген «Қыз Жібек» хиссасы бертінде, ХІХ ғасыр басында жырға айналдырылған.

Зерттеуші, жазушы Нәбиден Әбуталиевтің «Сегіз сері» кітабында жазылғандай, «Қыз Жібек» жырын 1892 жылы Жүсіпбекқожа Шайқысламұлы әнші қариялардан естіп, жазып алады да, жырдың кейбір тұсын өзгертіп, қысқартып, орнына татаршалап, қара сөз қосып, кей тұстарын ертегіге айналдырып, Төлегенді өлтірген руласы Кескентеректі Бекежан батырмен алмастырып, жырды «өзім шығардым» деп, оны 1894 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Бірақ оның ақын, жыршы емесін кезінде Әубәкір Кердері, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және басқа көрнекті тұлғалар әшкерелеген.

Шын мәнінде, ел аузында бастапқыда тек қара сөзбен айтылып жүрген «Қыз Жібек» қиссасын ХІХ ғасыр басында жинақтап, жырға айналдырған Сегіз сері (1818–1854, шын аты Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов) екені дәлелденді.

Қыз Жібектің әкесі Сырлыбайдың тікелей ұрпағы саналатын, Арал ауданының Қызылжар елді мекенінің тұрғыны, ардагер ұстаз Сайлау Абабүкірұлының «Сырлыбай би және оның ұрпақтары» атты зерттеу мақаласында да Базарбайдың мырзасы Төлегенді Бекежан емес, Кескентерек деген қарақшы өлтіргені атап өтіледі.

«Бекежан Айбекұлы тарихта болған адам. Туған жері – Алшын Темір таудың бөктері. 1825 жылға дейін бұл жерде Кіші жүз Әлімұлына жататын алты шекті мекендеген. Бекежанның әкесі Айбек осы тұстағы Кіші жүз Әлімұлының әскери бас қолбасшысы болған. Бекежан да әскербасы сардар болыпты», – дейді Сайлау Абабүкірұлы.

Махаббаттың символына айналған азаматты өлтірген қанішер деп әлі күнге жала жабылып жүрген Бекежан батыр шынында ел қорғаған ардақты ер болып шықты. Ол Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Қособа маңына жерленген. Бекежаннан Байрақ, Қайрақ, Тайлақ атты ұлдар және Нұргүл есімді қыз өрген. Бекежан қалмақтармен соғыста жараланып, ерте кемтар болып қалған, бірақ өз ажалынан өлген деген дерек айтылады. Балалары жоңғар соғысына қатысқан, Ақтабан шұбырындыда қол бастаған, ел басқарған.

Ал Кескентерек – туған нағашысы Әбусағитты өлтіріп, оның кіші әйелін алып қашып, ақыры сол әйелді қаңғытып, құмға тастап кеткен зәлім көрінеді. Сондай-ақ ол Қарабала деген қарапайым жігітке тұрмысқа шығуға іңкәрланғаны үшін туған қарындасы Қаламқасты тәнін, омырауын тілгілеп, азаптап өлтірген қаскүнем болған деседі. Зерттеушілер Бекежан батыр жорықта жүргенде, Кескентерек Төлеген батырға қастандық жасап, опат еткен деп жүр.

Ақыр соңында Жібектің жеті ағасы қашып жүрген Кескентеректі ұстап алып, дарға асып өлтіреді.

Қалай болғанда, «Қыз Жібек» оқиғасының анық-қанығын, жай-жапсарын анықтау – кәсіби мамандардың, тарихшылардың үлесіндегі жұмыс, олар үшін түрен түспеген өріс. Ең бастысы – тарихи әділдік қалпына келгені жөн. Ол үшін Жібек арудың өміріне, Төлеген, Бекежан батырлардың ерлігіне қатысты шынайы кино түсірілсе, жөн-ақ. Ал «Қыз Жібек» операсы да, «Қыз Жібек» фильмі де Кеңес өкіметінің өнімі болғандықтан, олар соның идеологиясына қызмет етеді.

«Мысалы, кинотуынды соңында Жібек өзіне-өзі қол салады. Шынында, Жібек ары қарай өмір сүрген, жырда оның әмеңгерлік жолымен Төлегеннің інісі, тастүлек батыр Сансызбайға тұрмысқа шыққаны жөнінде сөз қозғалады. Олардан ұрпақ өрген. Қожаберген ақын «Елім-ай» жырында Сансызбай мен Жібек сұлудың тұңғыш баласы Төсбатырды: «…Үзкентте болған шайқаста қамал бұзған гүж батыр!» деп сипаттайды. Кеңес өкіметі қазақтың қос батырын бір-бірімен «қырқыстыру» арқылы «жабайы, өркениеттен жұрдай, заңнан ада қазақтар бірін-бірі қырумен айналысқан» дегенге келтірген. Ал қазақ аруы Жібектен «суицидница» жасау арқылы кеңестік идеология әйелдерді қазақ қоғамында еш орны жоқ бейшара етіп көрсетуге ұмтылған. Шынында, әйелдерді қазақ ұлты айрықша ардақ тұтады, қазақтың нәзік болмыс иелері Тұмар ханым заманынан бері ел билеуге белсене араласқан», – деді Бақытбек Смағұл.

Шынында, Бекежан батырдың өз қарындасы Жібекті қалыңдық етіп алмақ болды, сол үшін оның ғашығына қастандық жасады дегені жеті ата қағидатын қапысыз сақтаған қазақтың арына жат, сүйегіне дақ. Ұлтымызды қаралау үшін жағылған қаркүйе. Одан арылатын уақыт жетті.

Мақалада: "Қыз Жібек" махаббат лирикасын қайта жазатын кез жетті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының әкімі ақын-жазушылармен жүздесіп, жаңа ән байқауын жариялады

11.02.2026
Абай облысының әкімі ақын-жазушылармен жүздесіп, жаңа ән байқауын жариялады

Semeytany.kz - Облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен кездесіп, өңір руханиятының өзекті мәселелерін талқылады. Мұқағали Мақатаевтың...

Толығырақ...Details

Абай облысында қар тазалау және шығару жұмыстары тұрақты жүргізілуде

11.02.2026
Абай облысында қар тазалау және шығару жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Semeytany.kz - Абай облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және шығару жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Коммуналдық және...

Толығырақ...Details

Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

11.02.2026
Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы...

Толығырақ...Details

Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды

11.02.2026
Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін...

Толығырақ...Details

Конституциялық комиссия мүшелері қазіргі Парламенттің өтпелі кезеңдегі өкілеттік мерзімдерін талқылады

11.02.2026
Конституциялық комиссия мүшелері қазіргі Парламенттің өтпелі кезеңдегі өкілеттік мерзімдерін талқылады

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы...

Толығырақ...Details

Келіп түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

11.02.2026
Келіп түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының әкімі ақын-жазушылармен жүздесіп, жаңа ән байқауын жариялады

7 часов бұрын

Абай облысында қар тазалау және шығару жұмыстары тұрақты жүргізілуде

7 часов бұрын

Тоқаев: Аймақтардағы инфрақұрылымды күшейту – басты міндет

7 часов бұрын

Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

7 часов бұрын

Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды

7 часов бұрын

Конституциялық комиссия мүшелері қазіргі Парламенттің өтпелі кезеңдегі өкілеттік мерзімдерін талқылады

7 часов бұрын

Келіп түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

7 часов бұрын

Цифрлық құқықты қорғау бүгінгі күннің талабы – Алматы облысы мәслихатының төрағасы

7 часов бұрын

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

1 день бұрын

Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр!

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС