2022 жылғы сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ольга Хижнякова сайлауда дауыс берді
Ольга Хижнякова- 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ол қаладағы №235 сайлау учаскесінде президенттік сайлауда дауыс берді. Спортшы сайлауға қатысу елдің дамуына, сондай-ақ табысты болашақтың қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Ольга Хижнякова — «Алтай Атлетикс» клубының спортшысы. Ядро лақтырудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы әлем чемпионатының (сурдо) қатысушысы.