"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

19.03.2023
Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, Сайлау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сайлау процесіне қатысушылар мен заңнама талаптарының және азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету басты басымдық болып отыр. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Сарғазин Азамат мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеруден өткізілуде.

«Қазіргі уақытта 19 тұлғаның тарапынан ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңы талаптарының бұзылу фактілері расталды. Олардың 12-сі, бұдан бұрын айтылғандай, азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлауға бюллетеньдер берумен байланысты. Олардың бесеуі Алматы облысында, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысында, бір-бірден Жетісу облысында және Алматы мен Шымкент қалаларында, Жамбыл облысында тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі сайлау комиссияларының мүшелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылуда. 5 факті басқа сайлаушы үшін дауыс берумен ұштасқан, олар бойынша тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған азаматтардың жауаптылығы ҚР ӘҚбК-нің 108-бабы бойынша шешілуде. Тағы екі факті тыйым салынған кезеңде, яғни бүгін сайлау алдындағы үгіттің жүргізілуі. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орын алған. Бұл әрекеттер ӘҚбК-нің 102-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамын құрайды», — деді БП өкілі.

Спикер ықтимал заң бұзушылықтар туралы әрбір хабарлама мен деректер мұқият тексеріліп, расталғандары бойынша міндетті түрде тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алуда. Сайлау учаскелерінен 32 азамат шығарылды.

«Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері – сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жүргізу, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету. Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетеньдерді бүлдірудің үш дерегі тіркелді. Сайлау учаскесіне мас күйінде келген төрт қоғамдық тәртіп бұзушылық орын алды. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан және, Ұлытау облыстары бойынша болған. Құқық бұзушылар куәландырылды және оларға ӘҚбК-нің 444-ші және 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деді ІІМ өкілі.

Полиция қызметкерлері штаттық режимде қызметін жалғастыруда. Ел бойынша 506 жабық сайлау учаскелерінің 433нде дауыс беру аяқталды. Елдегі және сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

13 часов бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

13 часов бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

13 часов бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 день бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 день бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС