"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Пәтерден өлі табылған бала мен анасының бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салғаны анықталды

11.02.2023
Пәтерден өлі табылған бала мен анасының бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салғаны анықталды

Фото: astanatv.kz

7k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде өлтіріп кеткен. Әйелдің жасы 35-те, бала 16-да. Ал 13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде. Бұл жантүршігерлік қылмысты кім жасағаны белгісіз. Полиция тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, –  деп хабарлады aikyn.kz «Астана» телеарнасына сілтеме беріп.

«Қайғылы оқиға менің артымдағы үйде таңғы сағат бестің шамасында болған. Қазір бұл жер қоршалған. Полиция мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Ал отбасы бұл жерде бес-алты жылдан бері тұрады», –  дейді тілші.

Жалғызбасты келіншек екі баласымен осы үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімегенін айтады. Тек жедел жәрдем, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.

«Біз естігенде есеңгіреп қалдық. Негізі подьезіміз тыныш. Мұндай болады деп ойламадық. Күтпеген жағдай»,–  дейді көршісі Рафаэль Каримов.

«Келген жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13  жасар қызы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», –  дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

София мойын тұсынан бес жерден пышақталған. Дәрігерлер қыздың жағдайы ауыр екенін айтуда.

«Кесілген мойын жарақатымен қабылдау бөліміне алып келді. Балаға операция жасалды. Қазір баланың жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Реанимация бөлімінде жатыр», –  дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Марқұм әйел алты жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Сол бұрынғы жолдасы да күні кеше өз-өзіне қол салыпты. Артынша отбасында мынадай жағдай болып отыр.

«Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі, менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді», –  дейді Софияның әжесі Татьяна Игнатьева.

Полицияға қыз бала телефон шалып көмек сұраған. Бұл оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Әзірге бәрі жұмбақ. Күрделі операциядан  шыққан 13 жастағы София есін жиған соң ғана оқиғаның мән-жайы белгілі болмақ.

Мақалада: Пәтерден өлі табылған бала мен анасының бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салғаны анықталды

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 час бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС