Көкпекті ауданында ерекше кәсіппен айналысатын жастар бар. Руслан Губанов пен Айдын Қамшыбаев тұрғын үйде саңырауқұлақ өсірумен айналысуда. Мұндай кәсіп түрі ауданда әлі дамымағанын ескерген жас кәсіпкерлер бұл тың бастама аудан тұрғындарының қызығушылығын тудыратынына сенімді. Олар кәсіпті одан әрі дамытып, көкпектіліктерді жергілікті саңырауқұлақтармен қамтамасыз етпек ниетте.
Бүгінгі күні 110 саңырауқұлақ блогында саңырауқұлақтар өсуде. Әрбір саңырауқұлақ блогынан айына 8 келі өнім алуға болады. Қазіргі таңда олар саңырауқұлақтың «Королевская вешенка» сортын өсірумен айналысуда.
— Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 2,5 пайызбен несие алып, саңырауқұлақтың тағы 6-7 түрін өсіруді жоспарлап отырмыз,- дейді Айдын Қамшыбаев.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жас кәсіпкерлерді қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.