"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БИЫЛ 23 МЛН ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

15.04.2023
БИЫЛ 23 МЛН ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
54
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мекемесінде көшет отырғызу жұмыстары басталды. Табиғи резерват мамандары тұқымбақта өсірілген өскіндерді орман алқабына егу жұмыстарына кірісті. Көшет отырғызуға резерват қызметкерлері ғана емес, жастар мен қоршаған орта табиғатына бейжай қарамаймын қала тұрғындары да атсалысуда.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді көгалдандыру мақсатында 5 жыл ішінде орман қорларында 2 млрд және аймақтар мен елді мекендерде 15 миллион көшет отырғызуды тапсырған болатын. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің барлық облыстағы мекемелерінде орман алқабын толықтыру мақсатында 2021 — 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жасалған. Сол жоспар аясында «Семей орманы» бес жыл ішінде 25 400 гектар жерге  119 млн 400 мың ағаш отырғызуы тиіс. Ал биылғы жоспарға сәйкес, 5 100 гектар жерге 23 миллион 90 дана көшет отырғызу жоспарланып отыр.

13 сәуір — Бүкілқазақстандық орман күні аясында БАҚ өкілдері үшін Қызыл кордон орманшылығына баспасөз туры ұйымдастырылды. Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері, Шәкәрім жоғарғы колледжінің студенттері және орман саласы мамандары Семей филиалының Қызыл кордон орман шаруашылығының 100-ші орамында 2 жасар қарағай көшеттерін отырғызды. Орман ортасында ұйымдастырылған іс-шарада мамандар қарағай тұқымын егіп қана қоймай, оның егілу тәртібін, қалай күтім жасалатынын түсіндірді. Мамандардың айтуынша, тұқымның дайын көшетке айналуы үшін екі жыл уақыт қажет. Көшеттерді ылғалды топыраққа отырғызу керек. Көрші тұрған екі көшеттің арасы 70– 80 сантиметр болуы тиіс және әрбір талдың түбі мығым бекітілуі қажет. Тағы бір айта кетерлігі — «Семей орманы» резерваты ағаштарды отырғызудың екі техникасын, яғни қолдан отырғызу және автоматтандырылған әдісті қатар пайдаланады екен. Өзіндік тәртіппен отырғызылатын өскендір бір – екі жылдың көлемінде биікке бойлап кетпейді. Олардың орман болып жайқалуына ондаған жылдар қажет.

— Орман алқабын толықтыру мақсатында бүгін көшет отырғызуды бастадық. Республикалық орман ағаштарын отырғызу акциясы аясында БАҚ өкілдері мен студенттерді шақырып, Қызыл кордон орманшылығында көшет отырғызудамыз. Қызыл кордон орман шаруашылығының ауданы 19 мың гектарды құрайды, оның 11 мың гектары орманды алқап. Өткен жылы 150 гектар аумаққа ағаш егілген болса, биыл ағаш отырғызу алаңы 90 гектарды құрамақ. Көшеттер Бородулиха ауданындағы орман тұқым бағында өсіріліп, осында әкелінеді. Бүгін басталған ағаш отырғызу акциясы мамыр айының алғашқы онкүндігіне дейін жалғасады.

Әлі жетілмеген көшеттер ұзақ уақыт бойы орманшылардың  күтімінде, бақылауында болады, — дейді Қызыл кордан орман шаруашылығының орманшысы Нұржан Бақытбекұлы.

1997 жылы болған ірі орман өртінің салдарын жою жұмыстары  әлі күнге дейін жалғасуда. «Дала өрттерін бақылау және алдын алу оңай емес. Өткен жылы өте көп өрт болды. Бақылау барысында 280 өрт тіркелді. Бірақ мемлекеттік инспекторлар оның таралуына жол бермеді. Құрғақ шөп өте оңай тұтанып, от тез таралады. Егер өрт жоғары көтерілетін болса, оны тоқтату қиын», − дейді орманшылар.

Өртенген орманды қалпына келтіру үшін  ұзақ уақыт қажет. Тіпті ондаған немесе жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. «Семей орманы» резерватындағы орман алқабы, қаз қатар сап түзеп тұрған қарағайлар — қаншама жылғы еңбектің нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 часов бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 часов бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 часов бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 день бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 день бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС