"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН

27.04.2023
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған ауқымды жобалардың бірі – «Қазақстан халқына» қоры. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысатын болады»,- деген еді Президент 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры табысты компаниялар мен азаматтардың қолдауымен бүгінде ізгі істердің бастамашысы болып отыр. Қордың жұмысы, қайырымдылық бағыттары және қор есебінен елімізде және Абай облысында атқарылған жұмыстар жайлы білу мақсатында «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсенбекпен байланысқа шыққан едік.
— Бүгінгі таңда Қорға ірі компаниялардан, жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан, меценаттар мен жеке тұлғалардан
132 млрд теңге қаражат түсті. Қордың Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған бағдарламалар мен жобалардың жалпы құны 80 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 32,3 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда қор денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау, білім, спорт салалары және төтенше жағдай кезінде көрсетілетін көмек аясында 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын іске асыруда,- деді Диас Бейсенбек.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қызметінің бағыттарының бірі – медицина саласына қолдау көрсету. Сирек және созылмалы аурулары бар 256 емделушіге 17,3 миллиард теңгеден астам сомаға 20 түрлі дәрі-дәрмек алыныпты. Соның ішінде Абай облысындағы 10 балаға құны 1 млрд 9 млн теңге болатын дәрі сатып алынған. Сонымен бірге 17 науқас Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Израиль сынды мемлекеттерде емделуге мүмкіндік алған. Қатерлі ісікке шалдыққан 17 жасар жерлесіміз Израильдегі клиникада ем алып жатыр. Қор халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен де айналысады. Ерекше жандарды қолдауға жіті көңіл бөлінеді.
— Мүгедектігі бар жандарды арнайы жабдықтармен қамту аса маңызды. Бағдарлама аясында 70 адам 754,3 млн теңгеге инновациялық протездермен қамтамасыз етілді. Осы мақсатқа 1 млрд 568 млн теңге жұмсалды. Сал ауруына шалдыққан 4 балаға экзоскелет берілді. Бағдарлама бойынша 2023 жылы тағы 9 балаға экзоскелет жасау жоспарлануда,- деді Қордың ресми өкілі.
Жерлесіміз Нұрасыл Гаухарбек құны 3,5 млн теңге болатын аяқ протезіне қол жеткізген екен.
Тамырлы патологиясы бар балаларды емдеуге, ақыл-ой кемістігі бар балалар орталығын жабдықтауға, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын офтальмологиялық скринингтен өткізуге, емдеуге, оңалту орталықтарын жабдықтауға қор демеуші болған.
«Шала туылған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтармен медициналық ұйымдарды қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасы аясында Аягөз ауданының көп салалы орталық аудандық ауруханасы жалпы сомасы 4 млн теңгеге диагностикалық асфералық линзалардың екі түрімен және маңдай бинокулярлық офтальмоскоппен жабдықталған.
— Қазіргі күні ауданымыздағы шала туған нәрестелердің көру қабілетінің төмендеуінің алдын алу және офтальмологиялық скринигпен қамту жұмыстары жүргізілуде, осы аппараттың арқасында ауруы ерте анықталған жағдайда нәрестелерді дер кезінде облыстық, республикалық деңгейдегі орталықтарға жіберіп, олардың ретинопатиясын уақтылы емдеуге, көру қабілеті нашарлығы және соқырлық бойынша мүгедектік деңгейін төмендетуге зор мүмкіншілік бар,- дейді Аягөз ауданының көп салалы орталық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім саласына да қолдау көрсетуде. Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру мақсатында елімізде 17 ауылдық тірек мектебі жабдықталған. Осы ретте Аягөз қаласының көп салалы қазақ мектеп-гимназиясының материалдық-техникалық базасын жаңартуға «Қазақстан халқына» қорынан 250 млн теңге бөлініп, 32 оқу кабинеті және STEM-зертхана, арт-студия, телестудия және қосымша білім беру шеберханалары жабдықталған.
— 1130 оқушы бар білім ұясының ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы аясында жабдықталуы мұғалімдер мен шәкірттерімізге зор қуаныш пен үміт сыйлады. Бұл заманауи білімді меңгеруге, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған игі қадамдар деп бағалануда. Оқушыларымыздың білім алуға деген қызығушылықтары арта түсті. Жаңарған, жаңғырған заманауи оқу кабинеттер оқушыларға өз таланттарын ашуға, сапалы білім алуға септігін тигізуде. Осындай қолдаудың нәтижесінде біздің мектеп аудандағы құзыреттілік орталығы және жақын маңдағы шағын жинақталған мектептер үшін тірек мектеп ретінде өз қызметін бастап та кетті,- дейді аталған мектептің директоры Айнұр Қанапьянова.
Елімізде сонымен қатар аталған қордың қолдауымен инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 32 арнайы мектеп жарақтандырылуда. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2246 студент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарының иегері атанып, тегін оқып, ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы алып отырғанын да айтпай кетуге болмас. Сол гранттардың 107-сі Абай облысының студенттеріне тиесілі, оның 77-сі Әлихан Бөкейхан университетінде, 9-ы Семей медицина университетінде, 21-і Шәкәрім университетінде білім алуда.
Сонымен қатар «Болашақ инженер» бағдарламасы аясында қор 126 мектептің робототехника кабинеттеріне жабдықтар жеткізіп, пән мұғалімдерін оқып жатыр. Аталған бағдарлама аясында біздің облысымызда 8 мектепте робототехника кабинетін ашу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 28 800 000 теңге бөлінбек.
Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған емес. Онкология және гематология бөлімшелерінің дәрігерлерін, медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандарын шет елде оқыту жобасы қолға алынған. Аталған екі бағыт бойынша еліміздің әр өңірінен 100-ден астам дәрігер біліктіліктерін арттырады. Бүгінгі күні ауыл балалары «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жарақтандырған спорт залдарында жаттығып жүр. Қор ауылдардағы спорт залдарды, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын, пара-хоккейден Қазақстанның жалғыз құрамасын спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету және параатлеттерге протездер дайындау жобасын қолға алған. Шалғай елді мендерде 24 спорт залы ашылған.
Шағын мақаламызда «Қазақстан халқына» қоры демеуші болып отырған 25 бағыт бойынша толыққанды ақпарат бере алмасымыз анық. Дегенмен ең негізгілеріне тоқталып өттік, қордың әлеуметтің әлеуетін арттыруға ерекше үлес қосып отырғанына көз жеткіздік.
Айта кетсек, қайырымдылық көмекке қатысты барлық ақпарат, қаржылық есептер, қаражат түсімі, қаражат жібергендердің тізімі, қайырымдылыққа жұмсалған қаражаттың бағыты жайлы қор сайтынан танысуға, жобаларды жүзеге асыру бойынша өтінішті сайтта онлайн түрде беруге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

10 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС