"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ КӨБЕЙІП БАРАДЫ

16.11.2023
ҚЫЗЫЛША АУРУЫ КӨБЕЙІП БАРАДЫ
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырған науқастар саны артып бара жатыр. Жыл басынан бері республикамыз бойынша қызылшаның 14 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Елімізде эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Брифингке Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Тоқтабаева, аталған департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы А.Серікбаева, Абай облысының бас штаттан тыс инфекционист дәрігері И.Эфендиев және БАҚ өкілдері қатысты.
Облысымызда биыл мамыр айынан бастап қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген. Қызылшамен сырқаттанғандардың арасында Оңтүстік Корея елінен және Шешен Республикасынан келген адамдар болған. Қазіргі күні Семей қаласында 44, Аягөз ауданында 12, Үржар ауданында 11 және Жарма ауданында 8 адамға «қызылша» диагнозы қойылған.
— Өткен жылы қызылша ауруы тіркелмеген. Облыс аумағында соңғы рет 2020 жылы 74 жағдай тіркелген. Сырқаттанушылықтың 73,3 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Ауру жұқтырған балалардың 78,2 пайызы екпе алмаған. 36,4 пайызының екпе алмау себебі – ата-аналары екпе салдырудан бас тартқан, қарсы көрсетілімдері салдарынан вакцина алмағандар – 14,5 пайыз, егу жасына жетпеген бір жасқа дейінгі балалар – 21,8 пайыз,- деді Айгүл Тоқтабаева.
Мамандардың айтуынша, бұрындары қызылшамен көбінесе ересек адамдар ауырса, бүгінгі күні қызылша жұқтырғандардың 56 пайызы — 5 жасқа дейінгі балалар. Осы жағдайға байланысты, эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралармен қатар, балаларды жоспарлы түрде вакциналау басталды.
— Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы екпе алу өте маңызды. Вакцина оның жеңіл өтуіне септігін тигізеді. Республика көлемінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар туралы қаулысы жарияланды. Қазіргі уақытта, қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қосымша егу жүргізілуде. Вакциналау қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады. Облысымызда егу жасына жетпеген 12 бала қызылша жұқтырған. 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша иммундау жүргізіледі. 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар, қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен, осы санаттағы балаларды қосымша екпе салу қызылшаға қарсы вакцина партиясы түскеннен кейін, алдағы желтоқсан айының 5-нен басталады. Келесі жылдың қаңтар айында аяқталады,- деді А.Тоқтабаева.
Айгүл Төлегенқызының айтуынша, қызылшаға қарсы 2019-2020 жылдары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері екпе салдырады.
— Қазіргі уақытқа дейін 2449 адам егілді. Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың иммундық мәртебесіне тексеру жүргізілді, нәтижесінде 1846 бала мен жасөспірім вакцинацияланды. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы жоспарлы вакцина, қызамыққа, паротитке қарсы жоспарлы иммундау жалғасуда. Облыс бойынша 2023 жылдың 10 айында 1 жастағы 7725 бала қызылшаға қарсы вакцина алды, 6 жастағы 8228 бала ревакцинацияланды, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 66 адам егілді,- деді И.Эфендиев.
— Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қолданылатын вакцина біріктірілген. Бұл вакцинаны біз әдеттегі балаларға арналған жоспарлы вакцинация шеңберінде қолданамыз. Вакцинаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификат берген, ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен. Қызылшаның алдын алуда қауіпсіз және тиімді вакцина ретінде ұсынылған,- деді А.Серікбаева.
Мамандар қызылша мен қызамықты емдеудің нақты емі жоқ екенін айтып, ата-аналарды өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қызылшаға қарсы қосымша екпе алуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

17.07.2026
Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, үш ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Алдымен...

Толығырақ...Details

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

17.07.2026
Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Өңір басшысы құрылыс алаңындағы атқарылып...

Толығырақ...Details

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

17.07.2026
Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

Абай облысының Бородулиха ауданында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт ошағындағы ахуалды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

17.07.2026
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

17.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп жазды Ақорда...

Толығырақ...Details

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

17.07.2026
Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің пікірінше,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

4 часа бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

4 часа бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

4 часа бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

4 часа бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

4 часа бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

4 часа бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

4 часа бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

4 часа бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

4 часа бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС