"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҚТЫ — АЯГӨЗ ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

23.12.2023
БАҚТЫ — АЯГӨЗ ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстаннан Қытайға тартылатын үшінші темір жол желісі Бақты — Аягөз тармағының құрылысы басталды. Аягөз қаласының іргесінде салтанатты шара өтіп, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,
«Semeı tańy»
Тарихи маңыздылығы зор іс-шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ, Көлік министрлігі өкілдері мен ардагерлер қатысты.
Телекөпір барысында ҚР Премьер-Министрі еліміздің темір жол саласындағы оң өзгерістер мен Президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан істерге тоқталып, жаңа телімнің тиімділігі жайында айтып өтті.
— Еліміз үшін кезекті маңызды іс-шараға – Бақты — Аягөз темір жол желісі құрылысының басталуына қатысып отырмыз. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Темір жол құрылысы — ел экономикасының әлеуетін арттыру құралдарының бірі. Өткен жылы темір жолдармен тәуелсіз Қазақстанның 30 жылындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданып, 245 млрд тонна километрді құрады. Мұндай жоғары қарқын, геосаяси жағдайларға және инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан, биыл да сақталып отыр. Соңғы жылдары контейнерлік транзиттік тасымал көлемі едәуір өсіп келеді. Транзиттік дәліздер кеңеюде. Транскаспий халықаралық көлік бағыты солтүстік-оңтүстік, оңтүстік дәліздері айрықша маңызға ие болып отыр. Қазіргі таңда өткізу мүмкіндігі мен инфрақұрылымдық қуат өз шегіне жетті, — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Әлихан Асханұлы сондай-ақ темір жол саласында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жоспарланып отырғанын, көптеген жаңа жобалар іске асырылып жатқанын да жеткізді.
— Міне, бүгін ірі жобалардың бірі Бақты — Аягөз темір жол құрылысын бастағалы отырмыз. 2033 жылға қарай Қытай бағытында қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк тасымалданады деп жоспарлануда. Бұл жобаның арқасында жүк тасымалының бір бөлігі Бақты — Аягөз темір жол желісіне және Бақты — Шәуешек халықаралық шекара бекетіне бағытталатын болады. Жаңа желі, бір жағынан, Ресей мен Еуропа елдерінің, екінші жағынан, Қытай мен Азия, Тынық мұхиты елдерінің арасында транзиттік жүктердің өтуін айтарлықтай ұлғайтады деп болжануда. Магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтитын болады. Жүктерді түсіру-тиеу бекеттерін ашу да жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы Абай облысының ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасына оң әсерін тигізеді. Бұл жоба Қазақстан темір жол желісінің әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын кеңейтеді, — деді Премьер-Министр.
Осыдан соң сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бақты — Аягөз темір жол телімінің құрылысын бастауға Премьер-Министрден ресми түрде рұқсат сұрады. Осылайша, тарихи сәт — жаңа темір жолдың алғашқы рельс буынын төсеу рәсіміне кезек берілді. Оған ұлттық компания басшылығы, Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлы мен сала ардагерлері қатысты.
Бақты — Аягөз темір жол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Темір жол құрылысы 2027 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жаңа телімнің ұзындығы 272 шақырымды құрайтын болады. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 темір жол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады деп күтілуде. Ең маңыздысы, бұл темір жол Аягөз, Үржар және жаңадан ашылатын Мақаншы ауданының да әлеуетін айтарықтай арттырмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

12 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

13 часов бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

13 часов бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

13 часов бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

13 часов бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

7 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

7 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС