"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қытайдан келген өнерлі қыз

18.03.2024
Қытайдан келген өнерлі қыз
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Білім мен ғылымның ордасы ҚазҰУ-де тек Қазақстандықтар емес, шетелден келген азаматтар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Биылғы жылы университеттің ЖОО дейінгі білім беру факультетіне қазақ тілін үйрену үшін қытай елінде қытай мектебін тамамдаған бірнеше қандас келді. Олар қазақ тілін ауызекі сөйлеу тілінде білсе де, қазақ тілінде ойын еркін айтып, сауатты жаза алмай келген болатын.  Бірақ оқытушылардың көмегімен тез арада кирилл жазуын меңгеріп, өз ойларын мазмұндап айтуға, қорытып жазуға үйреніп келеді. Бір қуантарлығы, елден жырақта жүрген қазақтардың көпшілігі өнерге жақын. Миллардтаған қытайдың ортасында жүріп,тілдерін ұмытпай,  өз ана тілдерінде ән айтып, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, нақышына келтіре билегенде өнерлеріне басыңды иесің.

Аймер Дәулет осындай өнерлі жастардың қатарынан. Қытай мектебін тамамдаған қазақ қызының арманы болашақта қазақ тілін жетік меңгеріп, өзі қалағандай дәрігер болу. Жауапкершілігі жоғары, адамның жанына аса қажетті мамандықтың иесі болу арманшыл қыздың бала жастан қалауы болған көрінеді. Оны қазақ еліне әкелген де осы тілегі. Өз сөзінде ол қытай елінде медицина саласының озық әдістерінің көптігін, оларды өз атамекеніне әкеліп,  емге зәру науқастардың пайдасына жаратсам дейді. Шетелдік тыңдаушылардың елге келгендегі бірінші мәселесі жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу болса, Аймер бұл жолды өнерінің арқасында оңай жүріп өтті деуге толық болады. Оқу жылы бойы түрлі концерттер, әдеби кештерге арналған сахналарда Аймер өнерін көрсетіп, танымалдыққа ие болды, өнері үшін бірнеше рет марапатталды да.  Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай ұйымдастырылған кеште жапон құрбысы Риса Икоидзе екеуі халық әнін және Аймер жеке дауыста ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген сенің бала күндерің» әнін орындап, жүлделі бірінші орынды иеленді. Аймер аккардеонда халық әндерін құйқылжыта орындап,  көңілді ортаның гүлі болды, оның мың бұрала билеген биі көпшілік назарын бірден аударады.  Университетте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Фараби әлемі» атты студенттердің халықаралық ғылыми конференциясында аға оқытушы Г.Ә. Машинбаеваның жетекшілігімен «Суды үнемдеу» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі үшінші орынға ие болды. Өнерлі қандас қыз қазіргі уақытта қазақша үйренумен қатар, орыс тілін де оқып, университетке түсу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жүр. Шетелдік қазақ қызының талабына нұр жауып,  діттеген оқу орнына түсіп кетуіне тілектеспіз. Университетіміздегі студенттердің қатарына осындай өнерлі жастардың қосыла беруін құптаймыз. Бүгінгі саналы студент, болашақ сапалы мамандарды қалыптастырады. Университет ұстаздарының мақсаты сапалы маман дайындау. Сапалы маман ел болашағын жарқын ететінін ұмытпай, осы жолға бар ресурсымызды жұмсайық.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Г. Ә. Машинбаева,
Г.Ә. Мұсаева,
Р. И. Дүйсенбаева,
М.П. Ешимов

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС