"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Еңбек адамы — елдің құты

13.06.2024
Еңбек адамы — елдің құты
77
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті. Бүгін біз сіздерді Семей цемент зауытында еңбек ететін тағы бір білікті, еңбекқор маманмен таныстырмақпыз.

 Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. «Семей цемент зауыты» ЖШС-ның энергоцех бөлімінің басшысы Әлібек Мырзатайұлы Әзімханов сондай жан.

— «Адам туған топырағына тар­тып туады» деген бар. Сондық­тан ең алдымен өскен ауыл-айма­ғым, тәрбие алған отбасым жөнінде айта кетейін. Мен Жарма ауданы, Шар қаласына қарасты Суырлы станциясында теміржолшылар әулетінде дүниеге келдім. Атам Әзімхан Керейбаев темір жол саласында 44 жыл, әжем Мырзатай Керейбаева 43 жыл  табан  аудармастан жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Ал анам Сақыш Керейбаева ширек ғасыр Көшек орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген. Жалпы, отбасында жеті ағайындымыз – төрт әпкем, екі ағам бар. Мен үйдің кенжесімін. Әпкелерім мен ағаларым атам мен әкемнің жолын қуып, темір жол саласын таңдады. Бірақ менің жүрек қалауым басқа болды. Жас кезімен техника жөндеуге, электроникаға әуес болдым. Сол кездері әр үйдің төрінде тұратын «романтик» магнитафонын бұзып, қайта жинағанды ұнататынмын,

— дейді Әлібек Мырзатайұлы.

Кейіпкеріміз орта мектепті бітірген соң Семей қаласындағы электротехникалық  колледжге оқуға түседі.

— Әкемді ренжітпейін деп «темір жолдарды электрмен жабдықтау», «техник-электрик» мамандықтарын таңдадым.  Болашақта теміржолшы болатын шығармын деп ойладым. Бірақ түбінде адамды бәрібір өзінің саласы тартып әкетеді екен,- дейді ол ағынан жарылып.

Әлібек Мырзатайұлы 2005 жылы еңбек жолын «Семей Водоканал» КММ-нен бастайды. Кейіпкеріміздің салаға деген қызығушылығын байқаған мекеменің бас энергетигі Қайрат Есімбаев оның өмірден өз орнын тауып, сүйікті ісімен айналысуына  жол сілтеген.

— Қайрат ағам Семей Водоканал мекемесінен шығып, Семей цемент зауытының электр цехінің басшысы болып тағайындалды. Көп ұзамай мен де артынан келдім. Осы мекемеде жүргеніме 2006 жылдан бері, міне, жиырма жылға жуықтап қалды. Қызметтің көптеген баспалдақтарынан өттім,- дейді өзі.

Әлібек Мырзатайұлының осыдан 23 жыл бұрын зауытқа ең алғаш келген сәті әлі есінде. Ол мұндағы еңбек жолын электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер болып бастаған. Кейін қосалқы станцияларды жөндеу шебері, карьер электромеханигі, электромеханик, инженер-энергетик болып еңбек етті. Биыл сәуір айынан бастап электроцех бөлімінің басшысы болып тағайындалады. Бүгінде қол астындағы 62 адамға жауапты. Кейіпкеріміздің жұмысы асқан жауапкершілік пен табандылықты талап етеді.

— Энергетиктерді осы зауыттың қан тамыры мен жүрегі деп айтуға болады. Электр энергиясынсыз кез келген жабдық жай ғана металл болып қалар еді.  Біздің цех зауыттағы жабдықтардың дұрыс және тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауап береді, қосалқы бөлшектерді жөндейді. Бір сөзбен айтқанда, зауыттың үздіксіз жұмыс істеп тұруы біздің мойнымызда. Жаңа жабдықтар да жиі сатып алынады. Сондықтан үнемі оқып-тоқып, үйреніп отырамыз. Әркім өз ісіне жауапты болып, дұрыс көзқараспен қараса, орындалмайтын жұмыс, жетпейтін мақсат жоқ деп ойлаймын. Алдын ала жоспар құрып, сол тәртіппен жүріп отырсақ, алынбайтын қамал жоқ. Анамның тәрбиесі ме екен, өзім жұмысымды бір-екі апта бұрын жоспарлап қойғанды ұнатамын,- дейді кейіпкеріміз.

Кез келген мамандықтың өз қыр-сыры болады. Сондықтан әр адам өз саласының шебері болуға ұмтылуы керек. Теміржолшылар әулетінен шықса да, Әлібек Мырзатайұлының энергетика саласына  деген махаббаты ерекше. Өз ісін бар ынтасымен, ұқыптылықпен атқарады. Бақыт — деген осы болар.

— Жұмысқа таңғы жетіден кірісемін. Алдымен түнгі ауысымнан шыққан шеберден зауыттың жағдайын, қандай ақаулар шыққанын сұраған соң, таңғы жоспарлау жиналысын өткіземін. Бұдан әрі таңғы сегізден кешкі беске дейін энергетиктер өз учаскелерінде жұмыс істеп, тапсырмаларды орындайды. Кешке қарай чат арқылы жоспарланған жұмыстардың қорытындысын тапсырады. Жұмысым кешкі бесте аяқталса да, үйге келген соң да телефон арқылы байланыста болып, жұмыс істей беремін. Жалпы, өзім қол қусырып бос жүргенді ұнатпаймын. Бір істі бастасам соңына дейін жеткізгенді жақсы көрем,- дейді Әлібек Мырзатайұлы.

65 жылдық тарихы бар «Семей цемент зауыты» ЖШС қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыттың биылғы жоспары 1 млн. 500 мың тонна цемент шығару. Осы жоспарды іске асыру үшін 2023 жылы 1 тамызда инновациялық цемент диірмені ашылды. Оған қоса неміс фирмасының Gebr. Pfeiffer атты машинасы іске қосылды. Зауыт сондай-ақ өз жұмысшыларына жан-жақты қолдау көрсетеді. Әлібек Мырзатайұлының бұл орайда зауыт басшылығына айтар алғысы зор. Мәселен, өткен жылы Әлібек Мырзатайұлы басшылық ететін энергоцехтан бес адам Сарыағаш шипажайындатегін демалып келіпті. Бұдан бөлек зауыт жұмысшыларының балалары демалыс лагерьлеріне жеңілдікпен жіберіледі екен.

— Менің осы зауытқа келгеніме 18 жыл болды. Ұжымым үлкен болса да, барлығы бір үйдің адамдарындай болып кеткен. Бәрі де тәлім-тәрбие көрген, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін кеңпейіл азаматтар. Бір-біріміздің қуанышымызға шын жүрегімізбен қуанамыз, қиындық болса қол ұшын созамыз. Осындай береке-бірлігі жарасқан ұжымда жақсы көретін жұмысыммен айналысып жүргеніме қуанамын,- дейді ол.

Кейіпкеріміз еңбек майданында шыңдалған қайсар жан. Атасы Әзімхан немересіне еңбектің дәмін ерте татқызады. Ата-анасы да  отбасында «еңбектің наны тәтті» деген қазақы тәрбиемен өсіреді. Соның арқасында қазір адал еңбегімен нанын тауып, өз ұжымында сый-құрметке бөленіп жүр.

— Еңбек дегеніміз – қозғалыс. Ойлап қарақ, мына өмірде еңбексіз адам болмайды. Бір қарағанда жер бетіндегі әрбір адам өзі үшін ғана еңбек етіп жүргендей көрінеді. Алайда сол бір адамның еңбегі тұтас қоғамға әсер етеді. Егер адам ешқашан еңбектенбесе,  сөзсіз аштан өлер еді. Сондықтан жер бетіндегі тіршілік етіп жүрген адамның барлығын еңбек адамы деп айтса болатындай. Табысы аз болса да сонымен күн көріп жүрген қаншама жандар бар. Олардың да істеп жүргені еңбек. Тек бір адамдарда ми еңбегі, ой еңбегі басым болса, енді біреулері керісінше физикалық тұрғыдан көп қимылдап, күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек етіп жүреді. Өзім бала кезімнен еңбекке жақын болдым. Ауылдық жерде тұрғандықтан қара жұмыстан қашқан емеспіз. Бала күнімде атам кішкентай аша жасап беріп, малға шөп салғызатын. Төгіп-шашсам да, сабырмен қарап, бәрін үйретін. Қазір әкеме қарасам, ол кісі де немересін жанына ертіп алып жүреді. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, атама, әке-шемеме мені жастайымнан еңбекке баулығандары үшін алғысым шексіз,- дейді Әлібек Мырзатайұлы.

Әлібек Мырзатайұлы бүгінде өзі де бір отбасының отағасы, төрт ханшайымның әкесі. Жары Шырын мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Тұңғыштары Томирис — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті, Зере мен Нұрай – мектеп оқушылары, кенжелері Раяна – 1 жаста.

— Өзіміз үлкендердің қолында өскеннен кейін, қыздарым да ата-апасының балалары болып кеткен. Меніңше, ата-әженің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды. Өзіме ол кісілер біреудің ала жібін аттамауды, үлкендерді сыйлауды үйретті. Сол ата-апамнан алған тәрбиені қыздарымның бойына сіңірудемін. Қыз бала – қонақ. Сондықтан қатты сөйлей де алмайсың. Мен қыздарымнан қандай мәселе болсын ұялмай айтып, ортаға салуларын сұраймын. Уақыттарын текке өткізіп алмаулары үшін, істерін жоспарлап алуды үйретемін. Араласып жүрген ортасына да назар аударып отырамын,- дейді кейіпкеріміз бала тәрибесі жайлы.

Еңбек адамы – қашанда елдің құты. Шалқалап жатып, шалқып өмір сүрсем деп, қиялдағаннан қарын тоймайды. Расында да байлық та, бақыт та адал еңбек, маңдай тердің арқасында келеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

12.05.2026
«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

12.05.2026
Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастаған делегация іссапармен Австралияға келді. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

12.05.2026
Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Semeytany.kz - 2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Іс-шараны Шығыс Қазақстан,...

Толығырақ...Details

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

12.05.2026
Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Жүректерді біріктірген ізгілік – қоғамның рухани деңгейін, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Мұндай игі бастамалар...

Толығырақ...Details

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

11.05.2026
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

1 день бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

1 день бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

1 день бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

1 день бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

1 день бұрын

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

2 дня бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

4 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС