"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Еңбекпен тапқан нәсібін

17.02.2025
Еңбекпен тапқан нәсібін
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде қоғамда қарапайым еңбек адамдарының беделін көтеруге баса мән берілуде. Ондай еңбек адамдары әр өңірде бар.

Олар қала тұрғындарының жайлы өмір сүрулері үшін маңдай терлерін төгіп, адал еңбек етіп жүр. Жарқ етіп көзге түспесе де, «ақырын жүріп, анық басып» өз жұмыстарын сүйіспеншілікпен атқарады. Ондай жандар ешкімнен мадақ та, марапат та күтпейді.

Иә, қарапайым еңбек адамдарының жұмысын көпшілік елей бермейтіні рас, бірақ оның артында үлкен күш жатыр. Әр қаланы, ауылды жарықпен, жылумен қамтамасыз етіп, жолдарды жөндеп, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін де – осы қарапайым жандар.

Біздің бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған Бесқарағай ауданы Бөдене ауылының тумасы Әділет Қанафин — қазіргі уақытта Семей қаласындағы «Біріккен Энергосервистік компаниясында» АҚ-да электромонтер. Әділет Құдайбергенұлы 2000 жылы орта мектепті бітірген соң Семей мемлекеттік педагогикалық институтына химия және биология пәні мұғалімі бойынша оқуға түсіпті.

— 5 жыл 10 ай сырттай оқып, институтты бітірдім. Ол кезде Семейде жұмыс табу қиын болды. Сырттай оқып жүріп, қосымша әр түрлі жұмыс істедім. 2004 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы мырыш зауытына жұмысқа орналастым. Араға екі жыл салып, шаңырақ көтердім. 2008 жылы ата-анам тұрған ауылға жақын болғандықтан, Курчатов қаласына көшіп бардық. 2014-2023 жылдары Курчатов қаласындағы кен байыту фабрикасында еңбек еттім. Семейге көшіп келген соң «Qazaq-astyq group» ЖШС-ге оператор болып орналастым. Осында жүргенде электрші мамандығына қызығушылығым оянып, кәсіптік оқытудан өтуді шештім. Осылайша, жұмыстан шығып, 2024 жылы қыркүйек-қараша айлары аралығында Семей қаласындағы Еңбек мобильділігі орталығында оқып, электрмонтер мамандығын меңгеріп шықтым,- деді Әділет Құдайбергенұлы.

Қалада электрші мамандығы тапшы болса да, еш тәжірибесіз бірден жұмысқа орналасу оңай емес. Кейіпкеріміз Семей шаһарын электрмен қамтамасыз етіп отырған ірі компания «БЭСК» АҚ мекемесіне жүгініп, бірден жұмысқа қабылданады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтерді. Жұмысшы мамандары еліміздің, қаламыздың, ауыл-аймақтардың дамуы үшін өте маңызды деп ойлаймын. Әр адамның күнделікті қолданып жүрген смартфондары, тұрмыстық техникаларының барлығы – осы жұмысшы мамандықтарының еңбегінің жемісі. Қарапайым ғана үйде су ақпай, жылу берілмей қалса, қандай да бір техникалар істен шықса,  көлік бұзылса – бірінші кезекте осы жұмысшы мамандардан көмек сұраймыз.  Сондықтан әр мамандық – қадірлі деп ойлаймын, — дейді Әділет Құдайбергенұлы.

Халқымызда «Еңбектің наны тәтті» деген қанатты сөз бар. Қандай жұмыс болса да, бастысы адал еңбекпен тапқан нәпақаның берекесі мол болмақ.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абыройлы азамат

11.02.2025
Абыройлы азамат

Кез келген мекеменің тазалығы мен тәртібі – оның бет-бейнесі. Үшбиік ауылының Ақтайлақ би атындағы орта мектебіне бара қалсаңыз, мұнтаздай таза,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: гендерлік теңдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ашық кездесу

21 час бұрын

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

2 дня бұрын

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды

2 дня бұрын

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

2 дня бұрын

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

2 дня бұрын

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

2 дня бұрын

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС