"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай ілімі мәңгілік болу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Абай институтын дамыту бойынша маңызды бастама көтерді.

28.03.2025
Абай ілімі мәңгілік болу үшін
54
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Биыл ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Мен осыдан бес жыл бұрын ұлы ойшылдың туғанына 175 жыл толуына орай Семейде абайтанушы ғалымдармен кездестім, сол кезде Абай институтын құру туралы ұсыныс айттым. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды, яғни біздің диаспоралар мен басқа да шетелдіктерге қазақ тілін үйрету құралы ретінде жұмыс істеп тұр»,- деді Президент Ұлттық құрылтайда.

Мемлекет басшысының Абай институтын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шәкәрім университетіндегі «Абай және ұлттық руханият» орталығының жетекшісі Ақмарал Смағұлованың пікірін сұрап білген едік.

— Ақмарал Төлеуғазықызы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында сөйлеген сөзінде Абай институтын дамыту туралы тапсырма берді. Президенттің айтуынша, бес жыл бұрын Семейде абайтанушы ғалымдармен кездесу барысында сөз болған Абай институтын құру туралы ұсынысы бүгінде цифрлық платформа ретінде іске асырылған.  Қасым-Жомарт Кемелұлы оны толыққанды мәдени-ағарту мекемесіне айналдыру қажеттігі туралы айтты. Бұл туралы сіздің ойыңыз қандай?

— Мәдени жылнамаға зер салсақ, биыл хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек»,- деп осыдан бес жыл бұрын Абай мерейтойын атап өтудің мазмұнды ғибратын баса көрсетіп берген еді. Ал биылғы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент еліміздің рухани жаңғыруы жолындағы маңызды бастамаларды қолға алуға шақырды. Әлемнің бірнеше елінде жұмыс істеп тұрған Гете институты, Конфуций институты сынды Абай институты да әлемдік мәдени орталыққа айналуы үшін барымызды салуымыз қажет. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатынын айтып,  Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Бұл бастама қазақ елінің рухани болмысын халықаралық кеңістікте танытуға мүмкіндік берер еді.

Иә, бүгінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекшілігімен 2020 жылдан бері abai.institute цифрлық платформасы жұмыс істеп тұр. Жоба аясында қазірге дейін әлемнің ондаған елдерінде офлайн курстар ашылып, жыл сайын жүздеген қандастар мен шетелдіктер қазақ тілін үйреніп келеді. Айталық 2020 жылы Германия, Ресей, Түркия, Франция, Иран қатарлы бес елде 50-ден астам тыңдаушыға қазақ тілі үйретілсе, 2021 жылы 7 мемлекетте 90, 2022 жылы 192 тыңдаушы қамтылыпты. Яғни қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер жыл сайын артып келеді. Бұл әлем жұртының еліміздің мәдениетіне, тіліне деген ерекше қызығушылығын аңғартады.

 — Сіздің ойыңызша, Абай институты қай бағытта жұмыс істеуі керек және қазақ мәдениетіне не береді? Болашағы қандай деп ойлайсыз?

— Абай институтында қоғамға, әдебиетке пайдалы жобалар жасалып, Абай арқылы қазақты әлемге танытудың мазмұнды шаралары қолға алынса, рухани өмірімізге серпін болар еді.

Ең алдымен Абай институтының концепциясын шегелей түсу қажет. Ұлы Абай әлемдік деңгейдегі тұлға десек те, оның шығармаларының бүкіл дүниежүзілік дәрежеде әлі де кеңінен таныла қоймауы бізді ойландыруы керек. Абай шығармаларын өзге тілдерге кімдер аударып жүр, олардың сапасы қандай деген сұрақтарға мониторингтік сараптама қажет. Сонда ғана «Абай арқылы қазақты әлемге танытамыз» деген қағиданың негізі айқындала түспек.

Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде қалай  насихаттаймыз? ХХІ ғасыр оқырманы Абайды түсіне алып жүр ма? Қазіргі қоғам сұранысына сай Абай шығармаларын қалай түсіндіреміз? Міне бұлар Абай институтында басты назарға алатын сауалдар болу қажет. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуға тиіс». 

— Шәкәрім университетіндегі өзіңіз жетекшілік етіп отырған  «Абай және ұлттық руханият» орталығының жұмысы туралы қысқаша баяндап өтсеңіз. Орталықта қандай жаңашыл жобалар жүзеге асуда?

 — Шәкәрім университетінің «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының жұмыс істеп тұрғанына сегіз жылдай уақыт болды. Орталықтың негізгі бағыты – абайтану, шәкәрімтану, алаштану, әдеби өлкетану мәселелері. Осы тақырыптарға қатысты орталық қызметкерлерінің зерттеу еңбектері, Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911-1935 жылдары шыққан кітаптарының репринттік басылымы жарық көрді. Сонымен қатар орталық ғалымдары жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарына арналған абайтану оқулықтарының авторлары. Бүгінгі таңда орталықта бірнеше гранттық жобалар жүзеге асырылуда. Abaitanu.kz, shakarim.kz сайттары іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Басты мақсатымыз – Абайдың, Шәкәрімнің шығармаларын, оның аудармаларын, сол шығармаға сай өнер туындыларын, ғалымдар пікірлері сынды мәліметтерді бір ғана интерфейстан толық оқу қолжетімділігін арттыру. Сонымен қатар, қазіргі сөз өнері және тәуелсіздік дүниетанымын (Абай облысы бойынша ақын-жазушылардың шығармашылығын талдау) ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Абайтану, шәкәрімтану бағыты бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған озық тәжірибелі, білікті әдіскер мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу тұрақты түрде өткізіліп отырады.

  • Сұхбатыңызға рақмет

 

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС