"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР ҮЙ

27.01.2015
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2013 жылдың шілде айының 26 күні белгілі қаламгер Әди Шәріповтің зайыбы Клара Мыңжасарова бастаған делегация киелі Абай жеріне арнайы келген болатын. Ондағы мақсаттары Ұлы Абайдың, шежірелі Шәкәрімнің, дана Мұхтардың рухына тағзым ету, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Абай ауданындағы филиалына Ә.Шәріповтің кітаптарын табыс ету және өзі туып өскен үйді көру еді.

{jcomments on}Делегацияны аудандық мәслихат хатшысы Төлеубек Аманғазы мен Абай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Лдибаев арнайы қарсы алды. Делегация құрамында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры С.Негимов, Алматы әдебиет және өнер институтының профессоры Г.Орда, Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің профессоры Р.Зәйкеновалар бар болатын. Қонақтарды аудан басшылары қарсы алғаннан кейін, аудандық мәслихат хатшысы Т.Аманғазы маған телефонмен қоңырау шалып, жасы 90-ға келген соғыс ардагері Жағыпар Жүнісжанұлы ақсақалдан  Кеңес үкіметі кезінде Абай ауданының екінші басшысы болған Мыңжасаровтар қай үйде тұрғанын біліп беруді өтінді.

 

Мен дереу Жағыпар ақсақалға қоңырау шалып, осы тарихи үйдің қай жерде орналасқанын сұрадым. Сөйтсем, әлгі үй күнде өзім өтіп жүрген, күнде көріп жүрген балабақшаның қасындағы 3-4 жапсарлас үйдің біріншісі екен. Онда қазір зейнеткер Қайырбек Ғабдуллин мен Алтын Шәкүріковалар тұратын көрінеді. Жапсарлас бұл үйлер өткен ғасырдың 30 жылдары аудан басшыларына арналып саман кірпіштен салын-ған екен. Соның бірінде 1945 жылдары аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Жағыпар Мыңжасаров тұрып, Ұлы Абайдың     туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген ұлан-асыр тойда заңғар жазушы Мұхтар Әуезов, атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов, ғылым докторы Есмағанбет Ысмайлов, жазушы Әди Шәріпов бастаған белгілі тұлғаларды үйінде қонақ қылып күткен көрінеді.

 

Алматыдан арнайы келе жатқан Клара Мыңжасарова мінген көлік сол үйдің тұ-сынан өткенде, мынау біздің балалық шағымыз өт-кен үй деп, лезде тани кетіпті. Үйдің ішіне кірген Клара апай көзіне жас алып:

— Бұл үйде менің балалық шағым өтті. Тіпті бөлмелердің орналасуы да, ағаш едендер де сол қалпында екен,- деп көңіліндегі қуанышын жасыра алмады.  — Біз осы үйде тұрғанда, әкем Әди Шәріповпен жиі араласып тұратын. Ке-йіннен тағдырдың жазуымен Әдекеңнің зайыбы қайтыс болғаннан кейін, мен ол кісіге тұрмысқа шықтым. Мен ол кісіні өз қолымнан арулап жөнелттім,- деп Клара апай өз тебіренісін жасырмады.

Клара Мыңжасарова Абай еліне табан тіреген сол сапарында үй иелері Қайырбек пен Алтын сыйлы қонақтарға бас тартып, жандары қалмай дастар-қандарынан дәм татырыпты.

Қарауылдың қақ ортасында орын тепкен, іргетасы шөге бастаған осынау жатаған үй, осылайша, тарих бетінен орын алды. Осылайша, Алматыдан келген қонақтар Қарауылдағы мұражайға да бас сұғып, жазушы Әди Шәріповтің    туындыларын тапсырып, тарихтың бір парақ бетін ашқандай болып қоштасты.

Малгаждар ЖҮНІСЖАНОВ,

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Абай

ауданындағы филиалының меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС