"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда

02.12.2025
Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда тұр. Бұл мәселе облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері онлайн режимде қосылды.

Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Айбек Әнуарбеков және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Мейіржан Бауыржанұлы баяндама жасады.

Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, облыста тұмау және ЖРВИ бойынша ахуал тұрақты бақылауда. Жергілікті бюджет есебінен халықтың осал және тәуекел топтарына 60 мың доза вакцина сатып алынып, 60 701 адамға екпе егілген. Медициналық ұйымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы тұрғындарға үнемі түсіндірілуде. Қазіргі таңда өңірде 246 инфекциялық төсек-орын дайындалған.

Медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында 110 сүзгі кабинеті, 40 жедел жәрдем кабинеті жұмыс істеп тұр. Қаладағы 6 стационарда және барлық аудандық ауруханаларда оқшаулау бөлмелері ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық жағдай Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп күн сайын мониторингке алынып отыр.

Жиын барысында аймақ басшысы желтоқсан айының ортасына қарай тұмау және ЖРВИ бойынша сырқаттанушылық өсімі күтілетінін атап өтіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековке бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, барлық медициналық, білім беру және әлеуметтік мекемелерде бетперде режимін сақтауды қамтамасыз ету, инфекциялық төсек-орындарға күнделікті мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда қосымша резервтік орындар дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасына аудан және қала әкімдерімен бірлесіп, тұмауға қарсы екпе мен алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жүктелді. Кеңес барысында 2025 жылға арналған жол салу және жөндеу жобаларының іске асырылу барысы да қаралып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер қойылды.

Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда Тұмау маусымы: Абай облысында эпиджағдай бақылауда

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС