"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

02.12.2025
Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында Шымкент қаласының мәдениет күндері аясында «Шежірелі Шымкенттен – Ұлы Абай еліне» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Екі күнге созылған мәдени бағдарлама ұлы ақынның 180 жылдығына орайластырылды.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Концерт басталар алдында Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жиналған жұртшылықты құттықтап, екі өңірдің мәдени байланысының маңызын атап өтті. Аймақ басшысы оңтүстіктен келген 200-ге жуық өнерпаздан құралған делегацияға, сондай-ақ қонақтарды жіберген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке ерекше алғыс білдірді.

Берік Уәли өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи шешімімен Абай облысының қайта құрылуы өңірдің даму қарқынын үдеткенін, соның нәтижесінде республиканың түрлі өңірлерінен өнер ұжымдары келіп, шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен таныстырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, Абайдың 180 жылдығына байланысты бұл – Семейге келіп жатқан төртінші өңірдің делегациясы. Бұған дейін бірнеше облыстың өнерпаздары концерттер өткізіп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өңірлер арасындағы ынтымақтастық тереңдеп келеді.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Сондай-ақ ол қазан айында Шымкент қаласында өткен Абай облысының мәдени күндерін еске алып, сол сапар барысында Абай саябағында Тұрағұл Абайұлына ескерткіш тақта орнатылғанын, Шымкент көрермендерінің Абай театры сахналаған «Абай айтқан Еңлік – Кебек» қойылымын тамашалағанын атап өтті. «Абайға құрмет» акциясын алғаш қолдаған өңірдің бірі ретінде Шымкенттің Семейге шығармашылық орталығы мен мәдениет үйін салып беруге ниет білдіруі де екі тараптың берік серіктестігінің айғағы екені айтылды.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те сөз алып, Абайдың 180 жылдығы аясында шымкенттік өнерпаздардың осы өңірге төртінші рет келіп отырғанын жеткізді. Ол бұған дейін тамыз айындағы мерейтойлық іс-шаралар, қыркүйек айында Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының Семей сахнасында қойған «Желсіз түнде жарық ай» инценировкасымен, сондай-ақ шымкенттік музейлер мен кітапханалардың ұйымдастырған көрмелерімен қалалықтар жақсы таныс екенін еске салды. Бұл жолы да Шымкенттен Абайдың 180 жылдығына символикалық мәні бар 180 өнерпаз келгенін атап өтті.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Гала-концертте Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, Шымкент циркінің эстрадалық оркестрі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қазына» халық би ансамблі, «Өркен» тобы, дәстүрлі әншілер және танымал эстрада әншілері Ғазизхан Шекербеков, Бағылан Жолдасов пен Бота Әлімхан өнер көрсетті. Көрермендерге Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен Сүгірдің күйлері орындалып, ұлттық өнердің озық үлгілері ұсынылды.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Гала-концертке дейін Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры ғимаратында «Көне қала – Шымкент» тақырыптық көрмесі ашылды. Экспозиция «Көне Шымкент тарихы», «Этнография» және тарихи фотосуреттер топтамасы сияқты бірнеше бөлімнен тұрды. Көрме барысында 2200 жылдық тарихы бар шаһардың көне дәуірден бүгінге дейінгі мәдени дамуы, археологиялық мұралары мен рухани құндылықтары жайлы тың деректер ұсынылып, семейлік көрермендерге Шымкент тарихына жаңа қырынан көз жүгіртуге мүмкіндік туды.

Шымкенттің өнерпаздары Абай еліне арнайы бағдарлама алып келді

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС