Semeytany.kz — Абай ауданының Саржал ауылында жаңа спорт модулінің құрылысы басталды. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Құрылыс жұмыстарына 10 маман мен 4 техника жұмылдырылған. Нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Жаңа кешен жастарға бокс, күрес, волейбол, футбол секілді спорт түрлерімен тұрақты айналысуға мүмкіндік жасап, ауылда салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді.
Ауданда биыл спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 5 586 адамға жетіп, бұл жалпы халықтың 41,9 пайызын құрап отыр. Қазіргі таңда өңірде 32 спорт нысаны жұмыс істейді.