"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге

05.10.2025
Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Жаңасемей ауданында бірнеше ұрпақ бойы ұстаздықты мұрат еткен Ғабдуллиндер әулетінің жалпы педагогикалық еңбек өтілі 392 жылға жетті. Әулеттің іргесін қалаған Қабдырахман Ғабдуллин мен Күләш Нұрбикенова қалтқысыз еңбегімен өңір білім беруіне үлгі болған әжелі-көшелі ұстаздар саналады.

Қабдырахман Ғабдуллин 1950 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдап, еңбек жолын Ұлан ауданындағы С.Аманжолов атындағы мектептен бастаған. Кейін Қайнар орта мектебінде 43 жыл қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, талай буын шәкірт тәрбиеледі. Ол «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің иегері, «Әдіскер-мұғалім» атағын алған тәжірибелі педагог.

Жары Күләш Нұрбикенова ұстаздық жолын Күршімдегі Құмаш Нұрғалиев мектебінде бастап, 1959–1987 жылдары Қайнар орта мектебінде математика пәнінен сабақ берді, кейін мектеп директоры болды. 40 жылдық еңбегі «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен бағаланған.

Әулеттің бес қызы ата жолын жалғады. Айжан Ғабдуллина Абай ауданындағы Ж.Молдағалиев атындағы мектепте 40 жыл математикадан сабақ беріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін алды. Гүлжан Ғабдуллина Алматының №145 мектебінде 37 жыл математикадан дәріс беріп, бірнеше жыл оқу ісінің меңгерушісі болды, ал жұбайы Ғазиз Амангелді технология пәнінен 13 жыл еңбек етті. Сәуле Ғабдуллина – бастауыш сынып мұғалімі (22 жыл), Анар Ғабдуллина – бастауыш сынып мұғалімі (30 жыл). Келіндері Торғай Советова С.Бегалин атындағы мектепте технология және физикадан 36 жыл сабақ беріп, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі мен Білім министрінің Алғыс хатына ие болды. Ләззат Ғабдуллина – Шәкәрім университеті КеАҚ-тың экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, PhD, еңбек өтілі – 30 жыл.

Дәстүр екінші буында да үзілмеді. Лаура Әбішева – сызу, сурет, технология пәндерінің мұғалімі (21 жыл), Жанар Әбішева – физика және информатика мұғалімі (20 жыл). Екеуі де Семейдегі №45 мектепте қызмет етеді. Елнұр Әбішев – информатика, робототехника, технология пәндерінің мұғалімі (13 жыл), жұбайы Сандуғаш Серікқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; екеуі Абай ауданындағы Ж.Молдағалиев атындағы мектепте еңбек етеді. Нұрболат Манатайұлы – дене тәрбиесі мұғалімі (6 жыл), жұбайы Жадыра Иманақышева – С.Бегалин атындағы мектептің биология пәні мұғалімі (6 жыл). Мөлдір Мейрамғалиева – қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі (6 жыл). Еңлік Айтқалиева – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Шәкәрім университетінде жұмыс істейді (3 жыл).

Шөбере буын да білім саласын таңдауда. Назерке – Астана қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалім-дефектологы, Іңкәр – М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжді бастауыш білім мамандығы бойынша бітірген, Ақнұр – ағылшын тілі мұғалімі мамандығында оқып жүр.

1950 жылдан бастау алған ұстаздық эстафета осылайша үш буын арқылы сабақтасып, өңір мектептері мен жоғары оқу орындарында жалғасып келеді. Ғабдуллиндер әулетінің 392 жылдық жиынтық еңбек өтілі – Семей өңіріндегі білім беру дәстүрінің беріктігін айғақтайтын жарқын мысал.

Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге Ғабдуллиндер әулеті: Үш буынға созылған 392 жылдық ұстаздық өнеге

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

7 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС