"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөзде әлеуметтік үйлердің жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі

10.10.2025
Аягөзде әлеуметтік үйлердің жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аягөздегі 267 тұрғын үй әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы, толық емес отбасыларға берілген. Дегенмен, ағымдағы жылы аталған үйлерді жекешелендіруге байланысты қиындықтар туындаған. Аталған мәселе бойынша облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен облыстық жұмыс тобы құрылды. Бүгін жұмыс тобының мүшелері аудан тұрғындарымен кездесіп, заң аясында атқарылатын шараларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Абай облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Мейіржан Қалиасқаровтың айтуынша, мәселе жер учаскелерінің құқықтық рәсімделмеуінен туындаған.

-Ең бірінші Жер кодексінің талаптарына сәйкес, жерге деген меншік құқығы және үйге деген меншік құқығы бір-бірінен ажыратылмайды. Ал берілген үйлердің жерлеріне қатысты кадастрлық төлемдер мемлекетке төленбеген. Бұл тұрғындардың емес, үйлерді салған және сатқан кәсіпкерлердің тарапынан кеткен заң бұзушылықтар, — деді Мейіржан Қалиасқаров.

Оның айтуынша, ендігі кезекте кәсіпкерлер мен аудандық әкімдік бірлесе отырып, ортақ шешім қабылдауы тиіс. Әрбір жер учаскесі бойынша кадастрлық төлем көлемі 300 мыңнан 700 мың теңгеге дейін.

-Егер кәсіпкерлер өз еріктерімен төлем жасамаса, уәкілетті органдар сотқа жүгініп, төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады. Бірақ тұрғындар алаңдамасын – ешкімді үйінен қуып шығармайды. Тек жекешелендіру рәсімі 1-2 айдың ішінде шешімін табады, — деп нақтылады Мейіржан Қалиасқаров.

Аягөз қаласының тұрғыны, көп балалы ана Күмісхан Қыдырмолдина билік өкілдерінен бұл мәселенің тезірек шешілуін сұрады.

-Мен жаңа жиналысқа қатыстым. Прокуратура, аудандық әкімдік, облыс әкімінің орынбасары болды. Біздің аналардың бар тілегі – үйлерді жекешелендіріп, жер мәселесін заңды түрде шешіп беру. Қараша айына дейін шешіледі деді, соны күтеміз, — деді ол.

Облыс әкімі Берік Уәли бұл мәселені қараша айының соңына дейін толық шешуді тапсырды. Жұмыс тобы осы уақыт ішінде тұрғындардың өтініштері мен құжаттық рәсімдерін заң шеңберінде реттейтін болады.

Аягөзде әлеуметтік үйлердің жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі Аягөзде әлеуметтік үйлердің жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

4 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС