"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Баға, ауыз су, тұрғын үй: облыста кеңейтілген кеңес өтті

13.10.2025
Баға, ауыз су, тұрғын үй: облыста кеңейтілген кеңес өтті
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, халықты ауыз сумен қамту және тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары қаралды.

Жиынға облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды. Азық-түлік бағасы бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахимбеков пен өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Марат Сейілханов баяндама жасады. Бағаны ұстап тұру үшін «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 1,8 млрд теңгеге әлеуметтік маңызы бар 9 тауар түріне форвардтық келісімшарттар жасасқан. Қазір өнімдер Семейдегі 12 әлеуметтік павильонда, «ADAL» супермаркеттерінде және 50-ден астам үй жанындағы дүкендерде сатылуда.

Департамент мәліметінше, жыл басынан бері негізсіз қымбаттатудың 800-ге жуық фактісі анықталды. Нарықта өз өнімі жоқ 100 делдал шығарылып, 366 әкімшілік хаттама толтырылды, 14 млн теңге айыппұл салынды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде 33 жаңа құрылыс жобасы іске асуда. Су желілерін жаңғырту бойынша 28 жоба жүріп жатыр: соның 25-і — ауылдарда, 3-і — Семей қаласында.

Аймақ басшысы бірінші орынбасары Ербол Садырға және жауапты басқармаға аудан-қалалардағы бағаны тұрақтандыру комиссияларының жұмысын талдап, белсенділігін арттыруды тапсырды. Сауда орындарында шекті бағалардың сақталуын қатаң бақылап, өндірушіден дүкенге тікелей жеткізу тетігін әзірлеу міндеттелді. Сонымен қатар ауыз су жобаларының орындалуын күнделікті мониторингте ұстап, құрылыс кестесінен ауытқымауды тапсырды. Аудан және қала әкімдеріне жыл соңына дейін аяқталуға тиіс нысандарды толық іске қосу жөнінде нақты шаралар қабылдау жүктелді.

«Халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту — тұрғындардың өмір сапасын арттыратын басты міндет. Әр жоба мерзімінде әрі сапалы орындалуы тиіс», — деді Берік Уәли.

Баға, ауыз су, тұрғын үй: облыста кеңейтілген кеңес өтті Баға, ауыз су, тұрғын үй: облыста кеңейтілген кеңес өтті

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

4 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС