Semeytany.kz — Астанада қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» республикалық турнирі аяқталды. Биылғы бәсекеге еліміздің барлық өңірінің таңдаулы балуандары қатысты.
Абай облысының атынан сайысқа түскен Ерасыл Қажыбаев жарыс бойы жоғары дайындық пен шеберлік көрсетті. Қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, тек финалда ғана жол беріп, дүбірлі додада күміс жүлдегер атанды.
Ұлттық күрестегі бұл беделді турнирде Абай өңірінің спортшылары бұған дейін де биіктен көрінген. Айбек Нұғымаров екі мәрте бас жүлдені жеңіп алса, Мұхит Тұрсынов пен Дәурен Нұралинов та топ жарған. Сондай-ақ Шалқар Жоламанов пен Саят Шәмшиев бірнеше рет жүлде алған болатын.