"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Дамудан» қолдау тапқандар

18.10.2025
«Дамудан» қолдау тапқандар
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кәсіпкерлік – цифрлық дәуірдің қозғаушы күші. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауында елдің цифрлық дамуының басты қозғаушы күші кәсіпкерлер болуы тиіс екенін атап өткен еді. «Бұл секторды жүйелі түрде әрі қарай дамытпай, экономикалық өсуде де, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда да серпіліс жасай алмаймыз», – деген еді Мемлекет басшысы.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,
«Semey tany»

Осы ретте кәсіпкерлікті қолдау мен экономикалық белсенділікті арттыруға айрықша үлес қосып келе жатқан құрылымдардың бірі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры екенін атап айтқан  жөн. Қор кәсіпкерлікті дамыту жолында  шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында «Өрлеу» бағдарламасы, кепілдік беру тетіктері мен аймақтық даму бастамалары да бар. Ол туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Абай облыстық филиалының басшысы Мұрат Қайымбаев толығырақ айтып өтті.

 – Биыл 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, өңірде Қордың қолдауымен жалпы сомасы 39 783 млн теңгені құрайтын 426 жоба іске асырылуда. Қордың қаржылай қолдау шараларының арқасында көптеген кәсіпкерлер өндіріс көлемін арттырып, микробизнес санатынан шағын және орта кәсіпкерлік сегментіне өтуге қол жеткізді. Жеңілдетілген несиелеу тетіктері арқылы бизнесті ынталандыру өңірдің ғана емес, жалпы елдің дамуына мультипликатив әсер ететінін атап өту маңызды: жұмыспен қамту деңгейі өседі, кәсіпкерлердің кірісі артады, сонымен бірге бюджетке салық түсімдері де артады, – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Абай облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Мұрат Болатұлы.

Мемлекеттік бағдарламаларды өңірлерде кеңінен түсіндіру және олардың нақты нәтижелерін көрсету мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Аталған шара аясында БАҚ өкілдері кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қаржылай қолдау шараларымен танысып, бизнес өкілдерімен тікелей жүздесіп, сауалдарына жауап алды. Баспасөз туры барысында қатысушылардың бірі ретінде біз де ел экономикасының дамуына және өңірдің еңбек нарығына елеулі үлес қосып отырған үш табысты кәсіпорынның жұмысымен танысып қайттық.

Алғашқы аяқ басқанымыз «Макай» ЖШС – күнбағыс майын өндіретін өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болды. Бұл жерде күнбағыстың көлікпен әкелінген сәтінен бастап өңделіп, іріктеліп, сұрыпталып, күнбағыс майына айналғанға дейінгі жұмыстар жүргізіледі. Ары қарай серіктес компаниялар арқылы өнім өңделіп, экспортқа жіберіледі. «Алсат Қазақстан» ЖШС, «Алтын Ирбис» ЖШС, «Алтын Соя» ЖШС, «Алатау Кус» ЖШС, «Алматинский продукт» ЖШС, «Шымкент Кус» ЖШС сынды ірі негізгі серіктестермен бірге жұмыс істейді. Сондай-ақ аталған өнімдер Қытай және Өзбекстан елдеріне экспортқа шығарылады.

«Дамудан» қолдау тапқандар

— Компанияның негізгі қызмет бағыты – Абай облысында тазартылмаған күнбағыс майын және Жетiсу облысында толық майлы соя өндіру. Негізгі өнімнен бөлек, кәсіпорында күнбағыс пен сояны қайта өңдеудің қосалқы өнімдері шығарылады. Бұл өнімдер мал шаруашылығында мал азығы ретінде кеңінен қолданылады. Семей қаласындағы зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 150 тонна күнбағыс өнімін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Ал Сарқанд қаласындағы зауыт тәулігіне 60 тонна толық майлы сояны өңдейді. Компанияның екі қаладағы қойма үй-жайларының жалпы сыйымдылығы – 65 мың тонна. Кәсіпорында шамамен 100 адам жұмыс істейді. Күнбағыс майын өндіретін өндірістік база Семей қаласында орналасқан. Жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асатын база аумағында темір жол тұйығы бар, ол шикізатты тікелей жеткізу мен дайын өнімді жөнелтуді қамтамасыз етеді,- дейді «Макай» ЖШС-нің өкілі Ертіс Аңсабаев.

Ал келесі кезекте жолымыз түскен «Агролидер KAZ» ЖШС болды. 2024 жылы тіркелген компания жасымық, құшпа, зығыр және ноқат тұқымдарын тазалап, экспорттаумен айналысады. Қазір компания тұқымды терең тазарту және қаптау зауытын іске қосып жатыр. Жабдықтардың бір бөлігі орнатылып, пайдалануға берілген, айына 1 980 тонна өнім өндіріледі. Жоба толық іске қосылған соң 20 жаңа жұмыс орнын ашу және өнімділікті айына 6 600 тоннаға жеткізу жоспарлануда. Аталған кәсіпорын өнімдерін Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Латвия, Әзербайжан, Эстония, АҚШ, Франция және басқа да көптеген елдерге жеткізуді көздеп отыр. Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан несие алғанда «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 13,5 пайызын Қор субсидиялаған. Қаражат өндіріс қуатын арттыруға және бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтарды сатып алуға жұмсалған.

— Компания «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржыландыруы аясында жұмыс атқарып, осындай ірі көлемде өнім өндірумен айналысып келеді. Осындай үлкен жобаны іске асыруға үлкен мүмкіндік беріп отырған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына алғысымыз шексіз,- деп атап өтті «Агролидер KAZ» ЖШС өндіріс бөлімінің басшысы Диас Исаев.

Қазіргі таңда аталған компания 35 адамды жұмыспен қамтуда. Оның ішіне басқару өкілдері де кіреді. Зауыт төрт мезгілдік ауысыммен үздіксіз жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 250 мың теңгені құрайды.

Ал Фархат Бекметевтің Семей қаласының маңындағы қарағайлы орманда орналасқан «Eastwood» демалыс базасы бүгінде ішкі туризмді дамытуға үлес қосып отыр деуге әбден болады. Кәсіпкерлік нысан 1999 жылы тіркелген. Демалыс базасы қонақтарды жыл бойы қабылдайды, олар, бірінші кезекте, мұнда жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына келетін спорттық командалар. Осы демалыс базасын салу үшін кәсіпкер 2022 жылдан бастап бірнеше рет несие алып, кепілдік және субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау тетіктеріне жүгінген. 2024 жылы «Eastwood» демалыс базасы пайдалануға берілді. Ал 2025 жылы базаны кеңейту мақсатында қордың «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие де алған.

— Осыдан 5 жыл бұрын «Семей орманы» бізге демалыс орнының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 3 гектар жер бөлген болатын. 3 жыл бұрын нысанның алғашқы тасын қалаған едік. Міне, бүгінгі күні 22 номердан тұратын қонақ үй жұмыс істеп тұр. Оның ішінде екеуі жоғары сападағы, 16-сы стандарттық үлгіде және конференция залы мен асханасы бар. Біз бұл жұмыстардың барлығын «Даму» қоры арқылы жүзеге асырдық деп айтсақ та болады. Себебі мол қаражатсыз ешқандай жұмыс бітпейді. Осы жұмыстарды жүргізу барысында біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегіне екі мәрте жүгіндік. Екеуінде де қаржыландыру жағынан көмек көрсетілді, сол үшін алғысым шексіз,- дейді жеке кәсіпкер Фархат Реккатұлы.

Сондай-ақ аталған іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қызмет бағыттары жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Баспасөз турының негізгі мақсаты елдің кәсіпкерлік әлеуетін кеңінен танытып, бизнестің дамуы арқылы өңір экономикасына серпін беруге бағытталған маңызды жобалардың бірі екендігін көрсету болды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

07.04.2026
Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Semeytany.kz - Абай облысында жазғы демалыс маусымына дайындық және туристік аймақтардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс...

Толығырақ...Details

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

06.04.2026
ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері Салауатты өмір салты күніне орай арнайы спорттық...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

06.04.2026
Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып, өнім көлемі артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

06.04.2026
Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Аягөз ауданында денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Толығырақ...Details

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

06.04.2026
Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар маңызды жоба іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

06.04.2026
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

15 часов бұрын

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

15 часов бұрын

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

2 дня бұрын

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

2 дня бұрын

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

2 дня бұрын

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

2 дня бұрын

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

2 дня бұрын

Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы өтті

3 дня бұрын

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС