"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫ

13.03.2015
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп—интернатында аймақаралық ғылыми — тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми басқосудың басты тақырыбы – «Мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани — адамгершілік бағытта тәрбиелеудің заманауи жолдары». Конференцияға еліміздің бірқатар облыстарынан және Ресейдің Барнауыл қаласынан мамандар қатысты.

{jcomments on}Конференцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі балаларға, оның ішінде есту қабілетінің кемістігі бар балаларға, рухани-адамгершілік тәрбие беруде дәстүрлі және заманауи әдіс — тәсілдерді қолдану арқылы өзекті мәселенің шешімін табу. Нашар еститін балаларға арналған № 4 мектеп — интернаты директорының оқу ісі бойынша орынбасары Меруерт Жұмашбекова талқыланар тақырыптың өте үлкен мәнге ие екенін айтады. Сондай-ақ ол аймақаралық ғылыми — практикалық конференцияның нәтижесі бойынша атқарылатын жұмыстар жайлы мағлұмат беріп өтті. 

— Конференцияның қорытындысы арнайы дөңгелек үстелде шығарылады. Содан кейін ғылыми баяндамалардың мәтіні жинаққа енгізіліп жарияланады. Қатысушыларға сертификаттар табысталады,- дейді Меруерт Қылышбекқызы.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда алға қойылған бірнеше міндеттер болғанын да айта кеткен жөн. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балаларға рухани — өнегелік тәрбие беруде тәжірибелік бағыт пен жаңашыл инновациялық ойлар жиынтығын қалыптастыру, есту кемістігі бар оқушыларды жүйелі іскерлік негізінде рухани — өнегелік бағытта тәрбиелеу міндеттерінің жаңашыл модельдері мен механизмдерін анықтау бар. Сондай-ақ арнайы педагогтарды мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мектеп-интернаты жағдайында рухани-өнегелік даму мен тәрбие беруде өзекті ғылыми-әдістемелік талдаулар жасауға жұмылдыру, түзету ұйымдарының арнайы педагогтарына шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай туғызу, мүмкіндігі шектеулі балаларға рухани-өнегелік тәрбие берудегі арнайы білім ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру міндеттері қойылған.

 

Конференция барысында, негізгі бөлігі басталмай тұрып, шақырылған меймандарға нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатында балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында атқарылып келе жат-қан шаруалар жайлы хабардар ететін фильм көрсетілді. Осы ретте білім беру мекемесінде тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына жағдай жасалғанын айта кету керек. Мәселен, мектепте «Аққу» би студиясы, «Өнер» бейнелеу өнері студиясы, халық аспаптық ансамблі, «Сиқырлы ине», «Ағаштан ою» қолөнер үйірмелері, «Әдемі дауыс» вокал студиясы бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көрінеді. Соның бір нәтижесі ретінде шара аясында балалардың қолынан шыққан сан түрлі бұйымдар қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды.

 

Аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға еліміздің Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Риддер, Зырян қалаларынан және Барнауыл қаласынан арнайы мамандар мен мұғалімдер шақырылған болатын. Солардың бірі — Барнауыл қаласының өлкелік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Ермакова. Өз сөзінде өткізіліп отырған шараның маңыздылығы жайлы былай деп пікір білдірді.

— Рухани-адамгершілік тәрбие беру әрқашан үлкен мәнге ие. Сондықтан конференцияда талқыланғалы отырған тақырып өзекті болып табылады. Осы мәселе бойынша әріптесте-рімізбен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызған ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, — дейді Наталья Ермакова.

Шара аясында, пленарлық отырыстан бөлек, бірнеше тақырыптық алаңда басқосулар ұйымдастырылып әрқайсысында мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеуге қатысты мәселелер қарастырылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС