"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді

12.12.2025
Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы Ресей Федерациясының Омбы қаласында ұйымдастырылған «Ертіс: достық өзені – даму өзені» атты VII халықаралық туристік-көліктік форумға қатысты.

Форумның негізгі өзегі – «Ресей – Қазақстан – Қытай» бағыты бойынша мультимодальды транзиттік дәліз қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылау және осы бағытта Ертіс өзенінің әлеуетін тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру. Жиынға Ресей, Қазақстан және Қытайдың сарапшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлер, кеме қатынасы мен көлік логистикасы саласының мамандары, сондай-ақ ғалымдар қатысты. Сонымен бірге Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының басшылығы да форум жұмысына қатысқан.

Айта кетейік, биыл шілде айында Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Андрей Шпиленко бастаған делегация Абай облысына арнайы сапармен келген болатын. Сол келіссөздердің нәтижесінде екі өңір арасында Ертіс өзенін дамыту және бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға, сондай-ақ 2025–2028 жылдарға арналған халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жоспарына қол қойылған. Құжатта туризмді қамтитын бірқатар бірлескен жобалар да қарастырылған.

Омбыдағы форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Берік Уәли аталған келісімдерді іске асыруға Абай облысы дайын екенін жеткізіп, өңірдің өндірістік және туристік мүмкіндіктеріне тоқталды. Ол Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкоға қонақжайлық танытып, жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар аймақ басшысы тарихи мұраны негізге ала отырып, трансшекаралық туристік маршруттар құруды, оларды ортақ брендпен халықаралық деңгейде ілгерілетуді ұсынып, мәдени байланыстарды күшейтуге қатысты бірқатар бастамаларды атады. Оның ішінде көрмелер мен фестивальдер ұйымдастыру, театрлар мен шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін өткізу, сондай-ақ гидтер мен мәдени туризм мамандарын бірлесе даярлау және тәжірибе алмасу бағыттары бар.

Форум қорытындысында Берік Уәли мен Виталий Хоценко мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Өңірдің сыртқы экономикалық байланыстары да кеңейіп келеді. Биылғы үшінші тоқсан қорытындысына сәйкес Абай облысының Ресей Федерациясымен тауар айналымы 823,4 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жоғары. Қазіргі таңда облыста ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін 178 кәсіпорын бар.

Форум қарсаңында Абай облысының делегациясы Ертіс өзеніне арналған фотокөрмені, Омбы ұйымдарының иммерсивті шоуын, өңір дизайнерлерінің көрсетілімін және туристік көрмені тамашалады.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫБерік УәлиЕртіс өзеніОмбыхалықаралық форум

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

8 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

8 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

16 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС