"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

12.01.2026
2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

default

54
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғаса береді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен 2026 жылғы алғашқы кеңейтілген аппараттық кеңесте айтылды. Жиында облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен қала-аудандардың 2025 жылғы бюджетті орындау барысы қаралды.

Кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова баяндама жасады. Мәліметке сәйкес, облыста автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар жолдардың 89 пайызы нормативтік жағдайға жеткізілген.

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

Өткен жылы республикалық маңызы бар жолдардың 584 шақырымы қайта жаңғыртылып, 258 шақырым жолда орташа жөндеу жүргізілген. Ал биыл республикалық жолдардың 288 шақырымын қамтитын бірқатар учаскеде жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.

Жергілікті жолдар мен көшелер бойынша да қарқын бәсеңдемейді. 2025 жылы 325 шақырым жол жаңартылса, 2026 жылы 205 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделген. Семей қаласында көше-жол желілері мен аулаішілік жолдарды жаңғыртуға, жаяу жүргіншілер жолдарын реттеуге және қиыршық тас төсеу жұмыстарына басымдық берілмек.

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

Қазір Семей қаласындағы ірі автокөлік көпірінің, сондай-ақ Ақсуат және Көкпекті аудандарындағы көпірлердің құрылысы жалғасып жатыр. Ал Аягөз және Жарма аудандарындағы бірнеше көпірді қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Аймақ басшысы салаға жауапты басқармаға жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту, жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру, Семей қаласындағы көпір жобасын белгіленген мерзімде аяқтау және қаржыландыру мен мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, Семей қаласының әкіміне көшелер мен аулаларды жөндеуге қатысты нақты ұсыныстар енгізу міндеті жүктелді.

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

«Жол инфрақұрылымын дамыту – тек салалық мәселе емес, өңір экономикасының, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының негізгі көрсеткіші. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады», – деді Берік Уәли.

Кеңесте бюджет мәселесі де назардан тыс қалмады. Қаржы басқармасының мәліметінше, 2025 жылы облыстың бюджет кірістері жоспардан асып, 105,8 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға өсімді (121%) көрсетеді. Облыс әкімі бюджет қаражатын толық әрі уақытылы игеру үшін талдамалық жұмысты күшейтуді, тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіруді және жобалық-сметалық құжаттамалар мен сатып алу рәсімдерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жыл қорытындысы бойынша қаржыны толық игермеген басқармалар мен әкімдердің жауапкершілігі қаралатыны да ескертілді.

«Мемлекеттік қаражат – бұл халықтың сенімі. Сол себепті біз қаржының қаншалықты игерілгенін ғана емес, оның нақты қандай нәтиже бергенін де, яғни сапасын да бағалауымыз қажет. Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, қолайлы жағдай жасау», – деді облыс әкімі.

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек 2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек 2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек 2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек 2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫбюджет кірісіжол жөндеукөпір құрылысыСемей

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС